16
6 8-9 4 бет бет бет 050006, Алматы қаласы, Қалқаман-3 ықшамауданы, К.Сейітов көшесі, 11 үй. Байланыс телефоны: 8(727)398-57-31 Жазылу индексі – 65380 11 3 бет бет №41 (758), 13 қазан, 2017 2000 жылғы 11 тамыздан шыға бастады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АПТАЛЫҚ www.qazaquni.kz [email protected] Это своего рода художественная энциклопедия истории и ми- фологии древних тюрков. Здесь исторические лица соседствуют с легендарными персонажами, реальные события оттенены мифологической мозаикой, а многие места переданы глазами Серебристой волчицы – легендарной прародительницы тюрков. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған Алаш қозғалысына биыл 100 жыл толды. ЭКСПО-ның екпініне есі кеткен биліктің бұл жалпыұлттық мереке болуға тиіс мерейтойға жеткілікті көңіл аудармай, жетім қыздың тойы ғұрлы да өткізер түрі жоқ. Ал біз биліктен ұлы тойға лайықты тарту күтіп жүргенде –тажал сыйлап жатыр!.. САБЫРХАН ТУРАЛЫ САҒЫНЫШ СӨЗ 3-бет 6-бет МИНИСТРЛІКТІҢ «АҚ ЖОЛҒА» БАЙЛАНЫСТЫ ХАБАРЛАМАСЫ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ ҚАМШЫЛАСАҢ ШАБАН АТ ТА ШАБА ЖӨНЕЛЕДІ 5-бет ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАНА ТАЛАБЫ Латын әліпбиінің Пар- ламентте талқыланған нұсқасы елдің көңілінен шықпай, жалпыхалықтық талқылау тағы да жалғасты. Ең басты дау – қазақтың төл дыбыстарының екі әріпті болып келуі. Бұндай көңілге қонымсыз нұсқа түсініксіздік пен қолайсыздыққа тап қылатыны анық еді. Бір қуанарлығы, Елбасы алғашқы нұсқаға қол қоймай, бүкілхалықтық талқылауды жалғастырғандықтан, ақыры міне, ел көңілінен шығатын қонымды нұсқа дайындалды. Алғашқы нұсқадағы халыққа ұнамаған, қос әріпті болып келген қазақтың төл дауысты – ә, ө, ү және т.б. дыбыстар жаңа нұсқада толық шешімін тауып, енді олар бір әріп болатын болды. Бүгін оқырман назарына ұзақ жылғы үзеңгілес досы, тетелес ағасы, Қазақстанның Халық жазу- шысы Тұманбай Молдағалиевтың ақын бауыры туралы әр тұстарда жазылған лебізі ұсынылып отыр. Сәбит ДОСАНОВ: 100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ!?. ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІ БОЛУЫ ТИІС! ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫ ҚАЗАНДА ҚАЙНАҒАН ҚАЗЫ-ҚАРТА ҒАНА МА?!. МИФЫ ДРЕВНИХ ТЮРКОВ, ИЛИ О ЧЕМ ПОЕТ СЕРЕБРИСТАЯ ВОЛЧИЦА ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖАРҚЫН НӘТИЖЕСІ АЛАШ КӨСЕМДЕРІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЕН МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ТУЫП-ӨСКЕН ЖЕРІ, ҚАСИЕТТІ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНЕН РЕСЕЙ ПОЛИГОНЫ АШЫЛМАҚ!.. Кайрат ЖАНАБАЕВ:

[email protected] ЛАТЫН ӘЛІПБИІ · 6 8-9 4 бет бет бет 050006, Алматы қаласы, Қалқаман-3 ықшамауданы, К.Сейітов көшесі,

  • Upload
    others

  • View
    28

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

6

8-9 4

бет

бетбет

050006, Алматы қаласы, Қалқаман-3 ықшамауданы, К.Сейітов көшесі, 11 үй. Байланыс телефоны: 8(727)398-57-31 Жазылу индексі – 65380

11

3

бет

бет

№41 (758), 13 қазан, 20172000 жылғы 11 тамыздан шыға бастады

Р Е С П У Б Л И К А Л Ы Қ Қ О Ғ А М Д Ы Қ - С А Я С И А П Т А Л Ы Қ

www.qazaquni.kz [email protected]

Это своего рода художественная энциклопедия истории и ми-фологии древних тюрков. Здесь исторические лица соседствуют с легендарными персонажами, реальные события оттенены мифологической мозаикой, а многие места переданы глазами Серебристой волчицы – легендарной прародительницы тюрков.

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақ станның бастауында тұрған Алаш қозғалысына биыл 100 жыл толды. ЭКСПО-ның екпініне есі кеткен биліктің бұл жалпыұлттық мереке болуға тиіс мерейтойға жеткілікті көңіл аудармай, жетім қыздың тойы ғұрлы да өткізер түрі жоқ.Ал біз биліктен ұлы тойға лайықты тарту күтіп жүргенде –тажал сыйлап жатыр!..

САБЫРХАН ТУРАЛЫ

САҒЫНЫШ СӨЗ

3-бет 6-бет

МИНИСТРЛІКТІҢ «АҚ ЖОЛҒА» БАЙЛАНЫСТЫ ХАБАРЛАМАСЫ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ

ҚАМШЫЛАСАҢ ШАБАН АТ ТА ШАБА ЖӨНЕЛЕДІ

5-бет

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАНА ТАЛАБЫ

Латын әліпбиінің Пар-ламентте талқыланған нұсқасы елдің көңілінен шықпай, жалпыхалықтық талқылау тағы да жалғасты. Ең басты дау – қазақтың төл дыбыстарының екі әріпті болып келуі. Бұндай көңілге қонымсыз нұсқа түсініксіздік пен қолайсыздыққа тап қылатыны анық еді. Бір қуанарлығы, Елбасы алғашқы нұсқаға қол қоймай, бүкілхалықтық талқылауды жалғастырғандықтан, ақыры міне, ел көңілінен шығатын қонымды нұсқа дайындалды. Алғашқы нұсқадағы халыққа ұнамаған, қос әріпті болып келген қазақтың төл дауысты – ә, ө, ү және т.б. дыбыстар жаңа нұсқада толық шешімін тауып, енді олар бір әріп болатын болды.

Бүгін оқырман назарына ұзақ жылғы үзеңгілес досы, тетелес ағасы, Қазақстанның Халық жазу-шысы Тұманбай Молдағалиевтың ақын бауыры туралы әр тұстарда жазылған лебізі ұсынылып отыр.

Сәбит ДОСАНОВ:

100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ!?.

ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІ БОЛУЫ ТИІС!ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫ ҚАЗАНДА ҚАЙНАҒАН ҚАЗЫ-ҚАРТА ҒАНА МА?!.

МИФЫ ДРЕВНИХ ТЮРКОВ, ИЛИ О ЧЕМ ПОЕТ СЕРЕБРИСТАЯ ВОЛЧИЦА

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖАРҚЫН НӘТИЖЕСІ

АЛАШ КӨСЕМДЕРІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЕН МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ТУЫП-ӨСКЕН ЖЕРІ, ҚАСИЕТТІ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНЕН РЕСЕЙ ПОЛИГОНЫ АШЫЛМАҚ!..

Кайрат ЖАНАБАЕВ:

2 www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 2017Ақпарат

МЕМОРАНДУМ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРАДЫ

ДӘРІ-ДӘРМЕК ДАУЫ БАҒАҒА ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

ДЕПУТАТ МАНДАТЫНАН БАС ТАРТТЫ

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАРДЫҢ САНЫ АНЫҚТАЛДЫ

ДӘСТҮРЛІ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОЛДАУ ТАБАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев жи­ында қабылданған Еуразиялық э к о н о м и к а л ы қ о д а қ т ы ң цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарының маңызды екенін айтты. Соны­мен қатар, Қазақстан Президенті 2018 жылы одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің арнау­лы кездесуін өткізуді ұсынды.

Бұдан бөлек, ТМД елдерінің басшылары мәдениет, білім беру, ғылым және туризм­г е қ а т ы с т ы б а й л а н ы с т а р ­ды нығайтуға әрі кеңейтуге бағытталған гуманитарлық саладағы бірқатар маңызды шешімдерді қарастырып, от­басын және дәстүрлі отбасылық

құндылықтарды қолдау туралы мәлімдеме қабылдады. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқор­л ы қ қ а ж ә н е қ ы л м ы с т ы қ жолмен алынған табыстар­ды заңдастыруға қарсы күрес саласындағы құжаттарға қол қойылды.

Шараға облыс активі мен қ а р ж ы м е к е м е л е р і н і ң б а с ­ш ы л а р ы қ а т ы с т ы . О б л ы с әкімі екіжақты меморандум ұзақ мерзімді жемісті жұмыс істеуге негіз болатынына сенім білдіріп, зейнетақы қоры тура­лы ақпараттандыру бағытында б іраз шаруалар атқарылып жатқанын, әлі де назар ауда­ратын мәселелер бар екендігін атап өтті. «БЖЗҚ» АҚ басқарма

төрайымы құрылғанына жи­ырма жыл толған зейнетақы жинақтау қорының осы кезең ішінде көптеген қиындықтарды жеңе отырып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгендігін, бүгінгі күні жинақталған қор

көлемі жалпы ішкі өнімнің 15 пайызын құрайтынын айтты. Де­генмен де, барлық кәсіпорындар мен мекемелер жинақтаушы қорға ақша аудара бермейді. Бұның өзі адамдардың зейнетақы деңгейіне елеулі әсерін тигізеді. «Облыс әкімдігімен жасалған меморандум осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға игі ықпалын тигізеді деп сенемін», – деді «БЖЗҚ» АҚ басқармасының

төрайымы. Зейнетақы жинақ­тау шы қорының қазіргі жай­ж а п с а р ы т у р а л ы б е й н е б а ­ян көрсетіліп, онда еліміздегі зейнетақы қо рына ақша аудару жайында жан­жақты мәліметтер қамтылды.

Денсаулық сақтау министрлігіндегі жемқорлық дауы дәрі бағасына әсер етпейді деп сендіруде. Медициналық препараттарға жауапты комитет төрайымы бағаны реттеу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. – Жемқорлық дауына бай­

ланысты комитет мамандары жұмыстан қуылды. Сондықтан, кадр тапшылығы болғаны рас. Бірақ, бұл дәрі­дәрмек бағасын реттеу жұмыстарына еш ке­дергі келтірмейді, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайы­мы Людмила Бюрабекова.

Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюра­бекова бұл орынтаққа тамыз айында үлкен даудан кейін

отырған. Бұған дейін комитетті б а с қ а р ғ а н Л а р и с а П а к т ы Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері ұстаған бо­латын. Шенеунік мемлекеттік сатып алуларда дәрі­дәрмектің қ ұ н ы н к ө т е р м е л е п , а қ ш а жымқырды, рұқсат қағаздарды ақшаға сатты деп айыпталуда. Мәліметтерге қарағанда ол 10 млн. теңге көлемінде пара алған.

Жаңа жылдан бастап баспанаға кезекте тұрған 60 мыңға жуық әскери қызметкердің банктегі жеке шотына қосымша ақша түседі. Сол қаржының есебінен ипотекалық несие­ге пәтер алуға болады.

Ж о с п а р б о й ы н ш а ә с ­к е р и д і ң о т б а с ы н д а ғ ы ә р адамға 18 шаршы метрден тиюі тиіс. Несиені толық мемле­кет төлейді. Және қарызды 5­тен 20 жылға дейін бөліп өтеуге болады. Ол үшін бюд­жеттен 13 миллиардтан астам теңге бөлінген. Үкімет әскери зейнеткерлерді де ұмытпапты.

Ж ы л д а р б о й ы ж а л д а м а ­лы пәтер жағалап жүрген демалыстағы офицерлер мен қызметте мерт болғандардың отбасына пәтердің толық құны өтемақы ретінде беріледі. Айта кету керек, егер жанұяда ерлі­зайыптылардың екеуі де әскери болса, өзара келісіп, пәтер біреуінің атына жазыла­ды. Ал ажырасып кетсе, дүние екіге бөлінеді. Сондықтан, офицерге отбасын бұзу тиімсіз. Яғни, әскерилер арасындағы а ж ы р а с у а з а ю ы м ү м к і н . Депутаттарға бұл құжат бірден ұ н а п , ж а ң а з а ң ж о б а с ы н Мәжіліс еш қарсылықсыз, бірауыздан мақұлдады.

ШЫҒЫСТА МҰХТАР ӘУЕЗОВКЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында «Tуған жер» бағдарламасы аясында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовке ескерткіш орнатылды.

1967 жылы қаламгердің 70 жылдығы тұсында Бақыршық кентіне жазушының есімі берілген болатын. Әуезовтың өзі де осы а у д а н д а б і р н е ш е р е т б о л ы п , қарапайым еңбек адамдары ту­ралы очерктер жазған­ды. Мыс­тан жасалған мүсіннің биіктігі тұғырымен алғанда 6 метр. Жас м ү с і н ш і Н ұ р б о л Қ а л и е в б ұ л

Сайлаушысына ақша тауып бере алмаған қостанай­лық депутат мандатынан бас тартты. Бұл орын алып отырған бірінші жағдай емес. Облыс, қалалардағы халық қалаулылары түрлі себептермен депутаттық мандаттарын тапсыруы жиі болып тұрады екен.

– Өкілеттігін тоқтатқан мәслихат депутаттарының саны артып отыр. Жалпы 105 депутат орнын босат­ты. Бұл Орталық сайлау комиссиясының тарихында болмаған жайт. Әсіресе, Қостанай, Қарағанды, Алматы­да мандаттан бас тартқандар көп, – дейді Орталық сайлау космиссиясының мүшесі Мақсатхан Анапин.

Мәселен, Қостанай облысының мәслихат депутаты ақшалай көмек сұрап келген сайлаушыларға беретін қаржысы болмағандықтан мандатынан бас тартқан. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында депутат пара алып, жұмыстан да, партиядан да қуылыпты. Жалпы, лауазы­мын асыра пайдаланған, пара алған, адам бопсалаған үш депутат соттың шешімімен орнын босатқан. Орталық сайлау комиссиясындағылар саяси партияларға ескер­ту жасады. Өйткені, мәслихатта тұрақтылық болма­са, халықтың депутаттарға деген сенімі жоғалады. Оның үстіне қайта­қайта сайлау өткізу бюджет үшін артық шығын. 29­шы қазанда 105 аймақта мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

«Еңбек шарттары көлемінің артқанына қарамастан, бейресми шарттар да сақталуда және бұл жайт айтарлықтай алаңдатып отыр. Соңғы екі жылда еңбек инспекторлары жұмысшылардың қызметін еңбек шартын­сыз пайдаланған бір мыңнан астам жұмыс берушіні анықтады. Бұл жағдай көбінесе біліктіліг і төмен құрылыста, саудада, қоғамдық тамақтану орындарында, ауыл шаруашылығында және шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандарға байланысты. Ағымдағы жылы үй­үйді аралау жолымен бейресми жұмысқа баға берілді. Осы шарамен 5,6 миллион адам қамтылды. Нәтижесінде, 2,2 миллион адамның мәртебесі белгіленді. Зейнетақылық жарнаны бөлмей жүрген, де­генмен де жұмыспен қамтылған бір миллионға тарта адам анықталды. Мұнымен қоса, тіркелмеген жұмыссыз 320 мың адам және тиімсіз өзін­өзі жұмыспен қамтыған 1,4 мил­лион адам белгілі болды», – деді Дүйсенова. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесе аталған мәселелер тұрғысында кешенді жос­парды әзірлеуде. Осының аясында жұмыс істеп жүрген тұғындарды рәсімдеу бойынша жүйелік шараларды қабылдау, ақпараттық жүйелерде мәліметтерді өзекті ету мәселесі ескеріліп отыр.

туындыға бірнеше ай уақытын жұмсапты. Айта кетейік, жобаға демеушілік жасаған адам – Әуезов кентінің тумасы, қазір Ресейдің

Түмен облысындағы кәсіпкер Ораз­хан Қалиев. «Жарманың өзі Зере апамыздың жері. Келе жатқанда Абай романының көріністері көз алдымда. Қазақтың Ұлы даласы. Мұхтар Әуезовтың жер жүзінде, көптеген жерде мүсіндері бар. Ал енді бұл мүсіннің орны ерекше. Сондықтан, әрине мен үшін үлкен қуаныш. Оған куә болып тұрған осындағы тұрғындар. Осы мүсін арқылы жергілікті тұрғындар, Әуезов кентінің тұрғындарын ө з і м н і ң б а у ы р ы м р е т і н д е сезінемін», – деді мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқармасының төрайымы Нұрбүбі Наурыз-баева мен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1,4 миллион адам белгілі болды. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен отырысына қатысты. Жиында мемлекеттер басшылары ТМД аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдарын талқылап, достастықтың тиімділігін арттыру, оған мүше елдердің сауда және инвестициялық байланыстарын тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 20173 Құмсағат

100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС…

ҚАМШЫЛАСАҢ ШАБАН АТ ТА ШАБА ЖӨНЕЛЕДІ

ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ!?.АЛАШ КӨСЕМДЕРІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЕН МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ТУЫП-ӨСКЕН ЖЕРІ, ҚАСИЕТТІ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНЕН РЕСЕЙ ПОЛИГОНЫ АШЫЛМАҚ!..

А л а ш к ө с е м д е р і А х м е т Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туып­өскен жері, қасиетті Торғай өңірінен Ре­сей полигоны ашылмақ. Ресейге бұрын да талай жерімізді жалға беріп отырған Қазақ үкіметі сынақ жүргізу үшін енді тағы Қостанай облысы Жангелдин ауданынан 76 мың гектар жер бөліп беруге келісім жасауда. Кең байтақ киелі Торғай өңіріне енді Байқоңырдан ұшатын Ресейдің «Союз­2» зымырандарының қатерлі бөліктері құлай беретін болады.

Алаш қозғалысының 100 жылдығына тарту емес… тажал

Ал бұл салаға басымен жауап беретін шенеуніктер жайлы орынтақтарынан айырылғанына қарамастан жүргізушілер жанармай тапшылығынан әлі көз ашар емес. Көптеген қалаларда жанармай бекеттеріндегі кезек тарқамай, талондық жүйе енгізіліп, бензин бағасы да шарықтап шыға келді. Қазір бағаны әркім қалауынша қойып жатыр.

Еліміздегі бензин тапшылығы қазір өзекті тақырыпқа айналған. Сол үшін премьер­министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында күн тәртібіндегі мәселеден бұрын жанармайдың жайын алдымен талқыға салды. Бұған дейін Энергетика министрі тапшылық жойы­лып, баға тұрақталады деп қанша уәде бергенімен, жағдай әлі оңалар емес. Керісінше ушығып барады. Оның үстіне жауапты министрлік үш мұнай өңдеу зауытының екеуі жөндеуге жабылатынын білсе де, жанармай тапшылығына алдын ала қамданбаған болып шықты.

Үкімет мүшелерін тәртіптік жазаға Президент ғана тарта алады. Сол үшін бүгін Қанат Бозымбаевқа қатаң сөгіс жариялау туралы Елбасыға өтініш жа­замын. Ал, вице­министрге қатысты

2­3­бетті дайындаған Зейнолла ҚАБИОЛЛАҰЛЫ

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақ станның бастауында тұрған Алаш қозғалысына биыл 100 жыл толды. ЭКСПО-ның екпініне есі кеткен биліктің бұл жалпыұлттық мереке болуға тиіс мерейтойға жеткілікті көңіл аудармай, жетім қыздың тойы ғұрлы да өткізер түрі жоқ.Ал біз биліктен ұлы тойға лайықты тарту күтіп жүргенде –тажал сыйлап жатыр!..

«Елімізде бензин тапшылығы жоқ!» деп айды аспанға бір-ақ шығарған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет басшысының шамына тиіп өзіне сөгіс сұрап алғандай болды. Энергетика министрі ақыры Елбасынан сөгіс алып тынды. Қаһарына мінген премьер-министр жанармайға тікелей жауапты Бозымбаевтың орынбасарын қызметінен қуды. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басшылары да жазасыз қалған жоқ.

сыйламақ деп ызалы жүрекпен ж а з ы п о т ы р ғ а н ы м ы з о с ы , халайық!

Алаш көсемдерінің туған жері… Алаштың түбіне жеткен Ресейге полигон үшін жалға берілмек…

Ал сіз біздің биліктен бұдан басқа не күтіп едіңіз?

Алаш ордасы болған ұлы Абайдың отаны Семейді әлемге әйгіл і полигонымен жарты ғасырдай жалмап, Алаштың екінші астанасы Қызылордадағы Байқоңырдың барын сорып, Қорқыттың көрін қазып, енді Алаш арыстары туған Торғайдың тоз­тозын шығару Ресей үшін

түк те қиын болмай тұр… Бір алаңдатарлығы осы экологиялық қатерлі өңірдің барлығында 100 пайыз қазақтар тұрады…

«Қостанай таңы» газетінен б е л г і л і б о л ғ а н д а й , Т о р ғ а й өңіріне барған Қостанай облы­сы әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жергілікті елмен кездесіп, жер беру мәселесін шешіп қойыпты… Бұл туралы «31» арна дабыл қақты.

Бұрын бұған қарсы болып, қарғып тұрып, үкіметке хат жазған ауыл ақсақалдары Жан­гелдин ауданына жыл сайын бөлінетін 151 миллион теңгеге құлап түсіпті… Сонымен бірге п о л и г о н н ы ң н а қ і р г е с і н д е орналасқан Ақкөл мен Қарасу ау­ылдарына жедел жәрдем бөлініп, ауыз су тартылмақ екен.

Үкіметтің жедел жәрдемі – «Жедел жәрдемге » айналып кетпейтініне нық сеніп отыр ма екен ауыл белсенділері?

А қ к ө л і м і з – А ж а л к ө л , Қарасуымыз – Қандысу болып жүрмей ме?

151 миллион теңге алған а у д а н н ы ң п о л и г о н н ы ң экологиялық апатынан таба­тын қасіреті миллиардтармен де өлшене алмай қалмай ма ертең?..

Т о р ғ а й ө ң і р і н е б е й б і т

шешім қабылдау менің құзыретімде. Сондықтан, жанармайға жауапты Энер­гетика вице­минитрі Әсет Мағауовты қызметінен босатамын, – деді Бақытжан Сағынтаев. Бұл жолы Бас уәзір әдеттегідей қорқытып­үркітіп қана қойған жоқ,

айтқанында тұрды. Соған қарағанда жүзі жылы көрінетін басшы қаһарына мінсе, ешкімнің бет­беделіне қарамайтынын көрсетті. Өте дұрыс, алғашқы күнен бас­тап қамшыны қолға алып, тізгінді тартып ұстау қажет еді.

Мұнайлы мемлекет бола тұра, тапшылықтың болуын халық та түсінбей дал. «ҚазМұнайГаз» болса, бензин жетіспеушілігін толығымен мойындап отыр. Айтуларынша, Ресейден жанармай импортын арттырып жетіспеушілікті жоюға болар еді. Бірақ, ондағы баға біздікінен әлдеқайда қымбат. Осыны айта­мын деп «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев та «сыбағасын» алды. Бұл жолы Премьер бензинге жауаптылардың бір сөзіне де иланған жоқ. Бәрін сыныққа айтар сылтауға санаған Бақытжан Сағынтаев жұмысына салғырт қараған атқамінерлерді аямады.

Таяқтың ұшы «ҚазМұнайГаздың» бас­шыларына да тиді. Сауат Мыңбаев қатаң сөгіс алса, орынбасары Данияр Берлібаев тіпті қызметімен қош айтысты. Бүгінгі күні облыстар жанармай тапшылығын әлі де сезінуде. Премьерден сөз естіп тынған Бозымбаевтың айтуынша, қазір жанар­май тек Астана, Алматы, Қызылорда мен Атырау қалаларына ғана жеткізіліп жатыр. Қалған өңірлерде ахуал сол күйі ушығып тұр.

– Осы қараша айынан және келесі желтоқсан айынан бастап бағалар тұрақталуы тиіс. Ал, қаңтар айынан бәрі дұрыс болса, екі зауыттың жаңғырту жұмыстары нақты бітсе, онда қаңтар айынан бастап 100 пайызы біздің зауыттан қамтамасыз етілетін болады, – деп ақталды Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Министрді дұрыс түсінсек еліміздегі жанармай жетіспеушілігі осы айда әлі сақталады деген сөз. Тіпті, бензин бағасы әлі де өсуі мүмкін. Үкімет басшысы тек бензинге жауаптыларды ғана емес барлық министрлерді ұйқыдан оятып, әркім өз жұмысы үшін басымен жауап беретінін қатаң ескертті.

«Қазақ үні» газеті жұмысын атқара алмаған әкімдер мен министрлерге ба­рынша қатаң шара қолдану керектігі жайлы тұрақты жазып келеді. Міне біздің сөзіміз де Бас уәзірдің құлағына жеткен секілді. Басынан сипағанмен шенеуніктердің қимылы ширамайды. Бақытжан Сағынтаев осы қарқынынан таймаса, басшылар жағы енді қимылдай бастайды. Қамшыласаң шабан ат та шаба жөнеледі деген сөз бекер айтылмаған ғой...

мақсатпен бармаған Бейбіт А т а м қ ұ л о в б ұ ғ а н к е п і л д і к бере ала ма? Қасиетті өңірді қорғай алмаған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ертең бұл қатерлі шешімнің сұрауы ауыр болатынын сезер ме екен? Бүгін үкімет не десе де, үндемей келісе салған облыстың жері мен еліне жауапты әкім Ар­химед Мұхамбетов мырза ертең не дейді?

Жер Ресейге 3 жылға жалға б е р і л д і д е й д і … 1 9 5 6 ж ы л ы Өзбектанға 30 жылға деп берілген жер жәннаты Бостандық ауда­ны қайда қазір? Кейін жалға берілген Жетісай, Мақтарал, Киров аудандарын кейін жы­лап жүріп үштен бір бөлігін ғана зорға қайтарып алдық. Қалған жерімізден өзбектер бір облыс ашып алып, жайнап отыр…

О с ы ө ң і р Ө з б е к с т а н ғ а берілетін кезде қызмет істеген республика басшылары мен министрлерді, облыс, аудан бас­шыларын, елді келістіруге ерек­ше күш салған белсенділерді қазір ар жақтағы қазақтар да, бер

жақтағы ел де қарғап отырады… Бұл сөзді мен қазіргі үкімет бас­шылары, министр мен облыс, ау­дан әкімдері үшін ғана емес ауыл ақсақалдары мен белсенділері үшін де айтып отырмын…

Қазақтың мылтықсыз­ақ жа­зылмас қауіпті дертке ұшырап, қырыла беруіне қарап отыра береміз бе сонда?

Әлеуметтік желіде қатты қарсылықтар басталып кетті. Торғай өңірінің тумасы, Халық­аралық «Алаш» сыйлығының лау­реаты, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, көрнекті ақынымыз С е р і к Т ұ р ғ ы н б е к ұ л ы м е н қостанайлық ақын Нағашыбай Қабылбек, торғайлық жас ақын Саят Әбен қарсылық танытып жазған жырлары әлеуметтік желіде таралып жатыр…

Алаш көсемдері туған өңірде тепсінісіп келгенде теңдік сұрар ерлер аз емес шығар…

Бұл болашақ қасіретке бәріміз қ а р с ы л ы қ т а н ы т ы п , қ а й р а т көрсетуіміз керек, Алаш елі!

Қазыбек ИСА

ЕКІ ЖҮРГІЗУШІНІҢ ӘҢГІМЕСІНЕН:

– Бүгін бензинге кезек жоқ қой?!– Енді кезек болмайды, тәртіп орнайды!

– Қойшы, не боп қалды?– Энергетика министрі Елбасынан қатаң

сөгіс алды емес пе?– Оны орнынан біржолата қуып жіберу

керек еді...– Неге, обал ғой.

– Министрді қуып жібергенде, бензиннің бағасы да арзандар

ма дегенім ғой...

4 www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 2017Рухани жаңғыру

ЛАТЫНША МІНСІЗ ӘЛІПБИ ҚҰРАСТЫРУҒА ЖАҚЫН ҚАЛДЫҚ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖАРҚЫН НӘТИЖЕСІ

Дегенмен әліпби құрастырып, жазуды (графиканы) қалыптасты­руда қатаң ескерілетін маңызды қағидаттардың да бар екенін естен шығармау керек. Бұны ұлтық жазу мәдениеті кешірек қалыптасқан, өзінің ұлттық бедерін әлі де бол­сын нақтылай қоймаған ұлттар (тілдер) тіптен ескеруі керек.

Қандай да болсын әліпбиді нақты бір тілге икемді, қолайлы етіп қолдану бар да, икемсіз, қолайсыздығынан оңтайлы етіп ала алмай, оның зардабын тар­ту бар. Бұл не деген сөз? Яғни икемді, оңтайлы әліпби тілдің жүйесіне, дыбыстық құрамына, г р а ф и к а л ы қ қ ұ р ы л ы м ы н а , д ә с т ү р л і н о р м а л а р ы н а , риторикалық тәсілдеріне, басқа да түрлі заңдылықтарына сәйкес болуы керек деген сөз. Кезіндегі хадимше жазу, шағатайша жазу, бүгінгі кирилше жазу қазақ тілі сөздерінің табиғи қалпын өзгертіп беріп келді. Қазақ жа­зуын латыншаға көшірудің бір мақсаты да осы, яғни кезінде кеткен олқылықтарды қайтадан қалпына келтіру болып отыр.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық еңбегінде айтылған қазақ жа­зуын латын әліпбиіне көшіру жөніндегі мәселе Парламент­

Алғашқы нұсқадағы халыққа ұнамаған, қос әріпті болып кел­ген қазақтың төл дауысты – ә, ө, ү және т.б. дыбыстар жаңа нұсқада толық шешімін тауып, енді олар бір әріп болатын болды. Әріптің үстіңгі оң жағына ноқат қойылады, яғни апокрифпен белгіленеді. Қорытындысында, халық көңіліне қонымды латын қарпіндегі жаңа әліпби жобасы жарық көрді..

Л а т ы н ә л і п б и і н е ө т у д і өзінің Ұлттық концепсиясында 2007 жылдан бері көтеріп келе жатқан «Ақ жол» партиясы да латын әліпбиін талқылаған келелі кеңестер өткізіп, бұған дейін де, өз ұсыныстарын жіберген еді.

Ал «Қазақ үні» газеті латын әліпбиінің алғашқы нұсқасындағы даулы әріптерге байланысты жүйелі түрде мақалалар жария­лады. Бұл тақырыпқа оншақты жылдан бері қалам тартып келе жатқандықтан «ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ ҚАЗАҚ ҮШІН ЖАҢАРУЫ КЕ­

Кез-келген ұлттық тіл мен әдебиеттің кемелденуі жазудың қалыптасып дамуымен тығыз байланысты екені шындық. Жазу арқылы тілдік қолданыстар, сөз саптау түрлері жаңғырып, әдеби нормалар бір ізділікке түсіп бекиді, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметі (стилі) жіктеледі, әр тараптанады, жалпыхалықтық сипат алып, қолданыс ауқымы кеңейеді.

Латын әліпбиінің Парламентте талқыланған нұсқасы елдің көңілінен шықпай, жалпыхалықтық талқылау тағы да жалғасты. Ең басты дау – қазақтың төл дыбыстарының екі әріпті болып келуі. Бұндай көңілге қонымсыз нұсқа түсініксіздік пен қолайсыздыққа тап қылатыны анық еді. Бір қуанарлығы, Елбасы алғашқы нұсқаға қол қоймай, бүкілхалықтық талқылауды жалғастырғандықтан, ақыры міне, ел көңілінен шығатын қонымды нұсқа дайындалды.

те тыңдалды. Бұл ел өміріндегі елеулі оқиға болды. Осыған дейін Елбасымыз латын әліпбіне көшудің қажеттілігін әр жылдары бірнеше мәрте еске салып келсе, Парла менттегі тыңдау енді бұл мәселенің нақты сипат алғанын көрсетті.

Латын алфавитіне көшу жо­басынан халық тек қазақ тілінің ғана жаңғыруын емес, бүкіл қазақ қоғамының да жаңғыруын күтетіні анық. Себебі латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің өзінің табиғи болмысына қайта оралуына ғана ықпал етіп қоймай, осы әліпбиді пайдаланып отырған елдермен тығыз байланыс жасауға, әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді же­дел игеріп, меңгеруге ықпал етіп, ұлттық жаңғырудың қозғаушы күшіне айналаты сөзсіз.

Латын әліпбиінің әлемдік технологияға негізделуі – оның ең басты шарты, өйткені қазіргі жаҺандану кезеңінде өмірімізді компьютерсіз, электронды құрал­жабдықтарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да қазақ жа­зуын латын әліпбиіне көшіру көпшілікт ің көптен күткен мәселесі болатын. Осы мәселеге байланыс ты нақты жұмыстар жасалып, ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған соң, жалпыхалықтық талқылауға

РЕК» деген, елден ерекше қолдау тапқан мақаламда қазақтың төл дауысты дыбыстарының қос әріппен белг іленуіне – диграфтарға қарсы шығып, онда өзге нұсқа ұсынған болатынмын. Сонымен «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің бастамасымен жаңа жобаға өз ұсыныстарымызды партияда талқылап, арнайы комиссияға жібердік.

А л к е ш е Е л б а с ы м ы з д ы ң алдында арнайы комиссия ла­тын әліпбиінің жаңа жобасын жариялағанда біз де ұтымды ұ с ы н ы с т а р ы м ы з д ы ң ж а ң а нұсқада жақсы көрініс тапқанын көріп, қуанып қалдық.

Сөзім құрғақ болмас үшін ұсынған нұсқаны келтіре кетейік:

«Мысалы, «Ә» әрпін А’, «Ө» әрпін О‘, «Ү» әрпін U‘, «Ғ» әрпін G’, «Ң» әрпін N’, «І і» әрпін І і, «Ш» әрпін S’, «Ж» әрпін Z’ деп, апокрифпен белгілеуге болмай ма? Бұл апокрифтер, ноқат дейміз

Қазыбек ИСА,«Ақ жол» партиясы

төрағасының орынбасары

Бейбіт ИСХАН, филология ғылымының

кандидаты:ұ с ы н ы л ғ а н н ұ с қ а н ы ң артықшылығы мен кемшілігі туралы бірталай ой­пікір айтыл­ды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та қазақ тілінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып талқыланғанын, латынға көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300­ден астам өтініш келіп түскенін айта келе, латынша әліпбидің жаңа нұсқасы құрастырылғанын атап айтты. Жаңа нұсқаны Елба­сы көріп, мақұлдады. Бұл нұсқа алғашқыдан гөрі көп шіліктің көңілінен шыққандай болды. Ең бастысы, осының алдында тіл ма­мандары мен жалпы жұртшылық арасында үлкен дау туғызған қазақ тілінің төл дыбыстарын қос әріптермен таңбалаудан бас тартып, оларға арнайы әріптердің берілуі болып отыр. Сөйтіп, жаңа жоба біршама қолайлы сипатқа ие болды.

Қазіргі уақытта еліміздің БАҚ­да латын әліпбиіне көшірудің мақсаты­мүддесі жайында құнды пікірлер айтылуымен қатар оқу­әдістемелік құралдарын дай­ындау бағытында да дайындық жұмыстары қолға алынып жатыр. Небір ғылыми, ғылыми­көпшілік баяндамалар жасалып, мақалалар жариялануда.

Осылардың өзекті де маңызды м ә с е л е л е р д і к ө т е р г е н д е р і

бе, латын жазбасында, компьютер пернетақтасында да, кез­келген смартфонда да бар таңба» – деп жаздық Qazaquni.kz порталын­да 2017 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған аталмыш мақалада.

Осы ұсынылған нұсқадағы 11 әріптің 9 әріпі жаңа нұсқада қабылданыпты.

Ә р и н е , л а т ы н ә л і п б и і н дайындаудағы арнайы комис­сия жаңа нұсқаның жекелеген әріптеріне байланысты әлі де ұ т ы м д ы ұ с ы н ы с т а р б о л с а , қаралатынын мәлімдеді.

Р у х а н и ж а ң ғ ы р у ы м ы з ғ а темірқазық болып отыр ға н латын әліпбиін талқылауға бүкіл халықтың қатысқанын, қолдап жатқанына қарап, жаңа әліпбиіміздің болашағы айқын болады деп сенеміз.

Латын әліпбиін қабылдау – Рухани Тәуелсіздік екенін жақсы түсініп келе жатқан елдің сенімі көңіл қуантады.

Латын әліпбиі қабылданған

қазақ қоғамын бір мақсатқа жұмылдыруда. Алайда әліпби ауыстыру белгілі бір елдің тіліне не жазуына деген қарсылық емес. Ол қазақ тілі жазуын жетілдіруге бағытталған келелі іс. Сол себептен оның күрделі де маңызды мәселелері жеткілікті. Сондықтан да қоғамдық пікірді бүге­шігесіне дейін талқылап, құнды пікірлерді ескергеннің түк артықшылығы жоқ. Бұл үлкен қателікке ұрынып қалмау үшін де керек. Олай болса, өз еліміздегі қоғамдық пікірмен санаса отырып, туысқан түркі халықтарының да өз әліпбилерін латыншаға көшіру тәжірибелерін қатаң ескерген жөн. Өйткені жазуымызды латын қарпіне көшірудің артында қыруар ша­руа күтіп тұр.

Әліпби ауыстыру, шынын­да да, аса маңызды реформа. Оны жүзеге асырған кезде қазақ тілінің жаңа емле ережесін, соның негізінде емле (орфография), ай­тылым «орфоэфия») сөздіктерін, морфологиялық, синтаксистік ішкі заңдылықтарын қайтадан жаңғырту қажет. Жаңа әліпбимен компьютерде жұмыс істеу (ком­пьютер пернетақтасына қазақ әріптерінің қолданыс жиілігіне қарай тиімді орналастыру және т.б. мәселелер) де өз алдына жеке

қарастырылатын мәселеге жа­тады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің төл дыбыстық жүйесін айқындап алып, сосын оларды ла­тынша әріптердің, яғни ағылшын тілінде қолданылатын әріптердің қайсысы қазақ дыбыстарына сәйкес келетінін нақтылап алу қажет екенін қолға алып жатыр­мыз.

Қазіргі таңда біз латынша мінсіз әліпби құрастыру ісіне бел шеше кірісіп кеттік. Ендігі жерде біз Елбасы мақұлдаған екінші нұсқаны талқылауға ерекше назар аударуымыз қажет сияқты. Менің ойымша, жаңа нұсқа бойынша жазу кезінде сөздердің аражігінің ашылуы аздап қиындық туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі «ы» мен «і» дыбы­сы өзара жұп болып келеді. Соған қарамастан, сөз болып отырған нұсқада екеуіне екі түрлі таңба арналған. Латынның «і» таңбасын қазіргі кирилшедегі «и» дыбысының орнына пайдаланған қолайлы сияқты.

Л а т ы н ә л і п б и і н і ң ж а ң а нұсқасындағы осы секілді кейбір тұстарын, тіл саласының білікті мамандарымен бас қоса отырып талқылап, жетілдіре түсу арқылы мінсіз әліпбиге де қол жеткізетін күн таяу. Осынау игі бастама жо­лында сәттілік серігіміз болғай!

соң мемлекеттің негізгі ресми әліпбиі ретінде жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік әліпби – мемлекеттің тұтастығы үшін қызмет етеді.

Латын қарпін талқылауда зор белсенділік көрсеткен халық енді жаңа әліпбиімізді өмірге енгізуде де қарқынды қайрат танытуы тиіс.

Яғни, қолға алып қана қоймай, қолдануды да бастай беруіміз керек.

Ж а ң а р у х а н и ж е т і с т і к к е жетелейтін жаңа латын әліпбиі – жалпыұлттық талқылаудың жарқын нәтижесі.

Qazaquni.kz

www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 20175

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАНА ТАЛАБЫ

БАСТЫ МӘСЕЛЕ – ӘЛІПБИ ҰЛТТЫҚ ТІЛІМІЗГЕ САЙ КЕЛУІНДЕ

ҚАСИЕТТІ ТІЛІМІЗДІҢ ҚАЙМАҒЫ БҰЗЫЛМАСЫН

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ КЕЛЕШЕК ҰРПАҒЫМЫЗ ҮШІН ҚАЖЕТ

Ұлттық мүдде

Сәбит ДОСАНОВ, жазушы,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының,

М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлығының

лауреаты:

Дандай ЫСҚАҚ, филология

ғылымдарының докторы,

профессор:

Әлібек АСҚАР, жа-зушы, Мемлекеттік

сыйлықтың лауреаты:

Досқан ЖОЛЖАҚСЫНОВ,

Қазақстанның Халық әртісі:

Негізінен латын әліпбиіне көшу мәселесі осыдан жиырма жыл бұрын басталған. Соңғы он жылдықта бұл мәселе өте белсенді түрде көтеріле бас­тады. Жақында ғана біздің Елбасымыз Нұрсұлтан На­зарбаев мемлекеттік тілді ла­тын әліпбиіне көшіру жоба­сы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, жаңа нұсқамен танысты. Басқосу ба­рысында мемлекет басшысы:

– Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық бо­лып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланы­сты Президент Әкімшілігіне 300­ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады, – деді.

Латын әліпбиіне көшу

– біздің еліміз үшін маңыз­ды қадам. Сондықтан да бұл мәселеде билік басын­дағылардың ең бірінші кезекте халықтың ұсыныс­пікіріне құлақ асуы айрықша құбылыс деп бағалаған болар едім.

Латын әліпбиін қоғамдық т а л қ ы л а у к е з і н д е м е н д е республикалық басылымдар арқылы өз көзқарасымды білдірдім. Сонда айтылған пікірлердің біршамасы жаңа нұсқада ескерілгені көңіліме қуаныш ұялатты.

Латын әліпбиіне көшу – замана талабы. Сол себепті де өркениеттен қалмау үшін бізге бұл тұрғыда шапшаңдық таныту да қажет. Өйткені, «Көрінген таудың алыстығы жоқ» демекші, 2025 жыл да иек астында тұр.

Сондай­ақ, бұл тұрғыда

айта кетуге тиісті дүние – латын әліпбиіне көшуді әу бастан қолдап келе жатқан белгілі қоғам қайраткері, ақын, «Қазақ үні» газетінің президенті, Қазыбек Исаның ұсыныстары әліпбидің жаңа н ұ с қ а с ы н д а е с к е р і л г е н і де – барлығымыздың ортақ қуанышымыз деп білемін. «Келісіп пішкен тон кел­те болмас» демекші, көп­тің талқысына салу арқылы жемісті жұмыс істелді. Пре­зидентіміздің кемеңгер лігімен, ғалымдары мыздың белсенді жұмысының арқа сында жаңа әліпби өмірге келді. Ендеше, жаңа әліп биіміз елімізге жаңа қуаныш тар алып келсін деп тілейміз. Жаңа әліпбимен тек ғана жағым ды жаңалықтарды жазуды Жаратқан иеміз нәсіп етсін!

Қазіргі таңда елімізде латын әліпбиіне көшуге байланысты қызу пікір­таластар жүруде. Өздеріңіз білетіндей, бастапқыда ла­тын әліпбиінің 25 таңбадан тұратын нұсқасы ел наза­рына ұсынылды. Бұл нұсқа техникалық жағынан тиімді болды. Өйткені, ол компью­терге лайықталып, ағылшын тіліндегі бағдарламаларға сәйкестендіріліп жасалған­д ы . С о н д ы қ т а н д а , к ө п экономикалық шығынға ұрындырмайтын еді. Бірақ бұл әліпби көптің сынына ұшырағандықтан, қайтадан жетілдіріліп, әліпбидің жаңа нұсқасы жасалды.

Елбасының назарына

ұсынылған 32 әріптен тұратын жаңа әліпби көпшіліктің көкейінен шығып жатыр. Менің де көңіліме қонды.

Кезінде әліпбиді жасаған кезде бір дыбыс бір қаріп деген принципті ұстанған­ды. Әліпбидің жаңа нұсқасы да осындай ұстаныммен жасалған. Мұндағы басты артықшылық – қазақтың төл дыбыстарына қатысты ерекшелік толық қамтылған. Т а ғ ы б і р а й т а к е т е р л і г і – б ұ р ы н д а р ы ж а с а л ғ а н түркіл ік ортақ әл іпбиге жақындығында. Әліпбидің жаңа нұсқасы 32 таңбадан құралған. Көптің көңілінен шыққан бұл нұсқа әлде де жетілдіруді қажет етеді .

Сондықтан да, пікір та­лас тоқтаған жоқ. Қазақша әріптерді төбесіне белгі қою арқылы анықтау техникалық жағынан біршама қиын­дықтар туғызуы мүмкін. Интернеттің жылдамдығы кішкене бәсеңдеуі мүмкін. Қ а р ж ы л ы қ ж а ғ ы н а н , қолайлылық тұрғысынан а л ғ а н к е з д е е ң б і р і н ш і б а с ш ы л ы қ қ а а л ы н а т ы н мәселе – әліпбидің ұлттық т і л і м і з г е с а й к е л у і н д е . Алдағы уақытта да Тіл білімі институтының ғалымдары яғни, осы саланың хас ма­мандары латын әліпбиінің жаңа нұсқасын жетілдіре түсу жолында жүйелі жұмыс жүргізеді деген ойдамын.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы еліміздің рухани дамуына, жарқын болашаққа нық қадам басу­ына жол ашты. Осынау ел өмірінің рухани кемелдену тұсында көп уақыттан бері қозғалып келе жатқан латын әліпбиінің жаңа нұсқасының дүниеге келуі ең бір маңызды қадамдардың бірі болды.

Сондай­ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев мемлекеттік тілді ла­тын әліпбиіне көшіру жобасы

бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, бұл мәселеге баса назар аударуы жаңа әліпбидің қазақ қоға­мында қаншалықты маңызға ие екендігін көрсетсе керек­ті.

«Қазақ үні» газетінің президенті, белгілі ақын Қ а з ы б е к И с а « Қ А З А Қ ӘЛІПБИІ ҚАЗАҚ ҮШІН Ж А Ң А Р У Ы К Е Р Е К » атты мақаласында латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы шыққан сәтте ақ, қазақтың төл дауысты дыбыс тарының қос әріппен белгіленуіне – диграфтарға қарсы шыға

отырып, оларды белгілеудегі ұтым ды ұсыныс тары жаңа жобада жүйелі көрініс та­буы бәріміздің көкейімізге қуаныш ұялатты.

Ендігі жерде зиялы қауым өкілдері мен тіл ғалымдары тізе қосып, жаңа нұсқаны жетілдіру жолында тер төгуге тиісті. Бұл жолда мүлт ке­туге болмайды. Өйткені қасиетті де қастерлі қазақ тілін қаймағы бұзылмаған күйде келер ұрпаққа аман­есен жеткізу біздің бүгінгі қадамымызға тікелей бай­ланысты.

Әрине латын әліпбиіне көшу керек. Себебі біздің келешегіміз осыған да бай­ланысты болып келеді. 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу да тікелей осы мәселеге қатысты. Ла­тын әліпбиіне өту әлемдік инновацияларды жедел

игеруге, келешегімізге н ы қ б а с ы п , т е х н о л о ­гия мен коммуникация­ны меңгеруде мүмкіндік б е р е т і н қ ұ р а л . С о н ы ­мен қатар кең сөйлеуге, ағылшын тілін және ме­дицина саласын меңгеруге жол ашатын мемлекеттік

маңызды шаруа. Бір сөзбен айтқанда, бұл ғажап дүние. Бұдан айырылып қалмау к е р е к . О р т а м ы з д а ш и шығармай, бәріміз біртұтас бірігіп шешілетін мәселе. Келешек ұрпақ үшін, сая­сатымыз үшін маңызы бар өзгеріс.

Бір қуантарлығы, биліктің халық талабымен санасып, алғашқы нұсқаны өзгерткені болды. Алғашқы нұсқадағы халыққа ұнамаған ең дау­лы мәселе – қазақтың төл дауысты – ә, ө, ү дыбыстарының қос әріпті болып келуі болатын. Жаңа нұсқада бұл талап толық шешімін тауып, енді олар бір әріппен, әріптің үстіңгі оң жағына ноқат қойылып, апокрифпен белгіленеді. Қорытындысында, халық көңіліне қонымды латын қарпіндегі жаңа әліпби жобасы дайын болды.

« К ө п ш і л і к т і ң п і к і р і м е н с а н а с ы п , қорытынды жасағандарыңыз дұрыс бол­ды. Латын графикасына әбден қалыптасқан екі диаграф қана бар. Қалған қазақтың төл дыбыстарының бәрі апостолмен береміз. Соған тоқтаймыз. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Осы ұстаным бізді алға жетелейді», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасын талқылауға жетекші қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми орта мен қалың жұртшылықтың белсенді түрде атсалысқанына назар аударып, барша қазақстандықтарға алғыс айтты.

« Қ а з а қ ү н і » г а з е т і м е н Q a z a q u n i . k z ұлттық порталы латын әліпбиінің алғашқы нұсқасындағы даулы мәселелерге белсенді үн қосып, жүйелі түрде мақалалар жариялаған болатын. Әсіресе, Қазыбек Исаның «ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ ҚАЗАҚ ҮШІН ЖАҢАРУЫ КЕ­РЕК» деген, елден ерекше қолдау тапқан терең талдау мен қазақтың төл дауысты дыбыстарының қос әріппен белгіленуіне –диграфтарға қарсы шығып, оларды белгілеудегі ұтымды ұсыныстары жаңа жобада жақсы көрініс тапқанын көріп, қуана қолдап отырмыз.

Сөзіміз құрғақ болмас үшін ұсынған нұсқаны келтіре кетейік:

«Мысалы, «Ә» әрпін А’, «Ө» әрпін О‘, «Ү» әрпін U‘, «Ш» әрпін S’, «Ж» әрпін Z’ деп, апо­крифпен белгілеуге болмай ма? Бұл апокриф­тер, ноқат дейміз бе, латын жазбасында, ком­пьютер пернетақтасында да, кез­келген смарт­фонда да бар таңба» – деп жазады Қазыбек Иса Qazaquni.kz порталында 2017 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған мақаласында.

Осы ұсынған нұсқадағы 11 әріптің 9 әріпі жаңа нұсқада қабылданыпты. Біз соған қатты қуанып отырмыз.

Л а т ы н ә л і п б и і н і ң ж а ң а н ұ с қ а с ы – бүкілхалықтық таңдаудың жарқын нәтижесі.

Енді Рухани жаңғыруымыздың темірқазығы болып отырған латын қарпін өмірге енгізуде де халықтың қарқынды қайраты керек.

Алтай САҒИДОЛЛАQazaquni.kz

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ЖАҚСЫ ШЫҚТЫ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, жаңа нұсқамен танысты.– Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады, – Елбасы.

6 www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 2017Парламент тынысы

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТАҒДЫРШЕШТІ БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФОРМА

МИНИСТРЛІКТІҢ «АҚ ЖОЛҒА» БАЙЛАНЫСТЫ

ХАБАРЛАМАСЫ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ

ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІ БОЛУЫ ТИІС!

ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫ ҚАЗАНДА ҚАЙНАҒАН ҚАЗЫ-ҚАРТА ҒАНА МА?!.

Азат ПЕРУАШЕВ:

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әліпбидің соңғы нұсқасы туралы пікірін айтты, деп хабарлады «Қазақпарат» ХАА тілшісі. «Менің жаңа әліпбиге көшуге көзқарасым өте оңды. Латын әліпбиіне көшу біздің қоғам үшін үлкен, маңызды жоба. Біздің партия бұл туралы көптен айтып келеді. Ал қазір, бұл мәселені қолға алып шешетін уақыт келді», – деді Перуашев.

Қазақтың тұлпары қара қазанда қайнаған қазы-қарта ғана ма? Мәжілістің кезекті пленарлық отырысында «Ақ жол» партиясының депутаты Берік Дүйсенбинов осылай мәлімдеді.«Ақ жол» партиясы үшін ұлттық құндылықтарды ұлықтау – біздің саяси бағдарламаларымыздың негізгі бағыттарының бірі. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Мәдени қазыналарымызды,ұлттық дәстүрімізді әлем жұртшылығына таныстырудың жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Оған ауқымды мемлекеттік қолдау жасалуы қажет», деп шегелеп айтқан.

Оның пікірінше, бұл сұрақтың қоғамда қызу талқылануының өзі оның маңыздылығын көрсетеді. «Мен мұндай үлкен мәдени және ділдік реформаның халыққа дейін жеткені туралы естіген емеспін. Яғни, бүкілхалықтық талқыға салу мүмкіндігі берілді. Алдымен бірінші нұсқасын, енді екінші

нұсқасын ұсынып отыр. Бұлардың бәрінің әлеуметтік желілерде, баспасөздерде талқылануы өте оңды құбылыс», – деп атап өтті Перуашев.

«Бірінші нұсқамен салыс­тырғанда, қазақтың байырғы дыбыстарын белгілеу бойынша көптеген даулы тұстарды диграф

Алаш баласы Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасын жалғап, Ұлы далаға иелік еткен кездегі тал­мас қанаты, бабаларымыздың елін, жерін қорғап, ата жаумен а л ы с қ а н д а ғ ы қ а н д ы к ө й л е к серігі, болдырмас көлігі болған, жеті қазынаның біріне баланған қазақтың қазанат жылқысы біздің ұлттық қазынамыз емес пе? Жылқы қазақтың ұлттық сана­сезім, рухани болмыс, тұрмыс­салт, әдет­ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір ай­ырылмас бөлігіне айналған. «Қазақ жылқы мінезді» деген сөз де бекер айтылмаса керек.

Ө р к е н и е т т і м е м л е к е т т е р өздерінің өткендерін ұмытпай, ұлттың әлеуетін, құдіретін ашатын осындай асыл қазыналарын, спорт түрлерін ұлттық брендке айналды­рып, әлемдік деңгейге көтеріп отыр. Мысалы, кешегі түйенің қомында көшіп­қонып жүрген Араб әмірлігі бүгінде түйе жарысын мыңдаған туристер тамашалайтын жарысқа, ұлттық мейрамға айналдырған. Ал, Моңғолияда «Шыңғысханның і з і м е н » а т т ы м ы ң ш а қ ы р ы м 10 күндік «Моңғолия дербиі» ұйымдастырылған. Биыл, оған әлемнің 15 елінен 400­ге жуық ша­бандоз қатысқан. Сондай­ақ, Авс­тралияда «Мельбурн кубогы» бар болса, Америкада «Кентуки Дербиі» өткізіледі. Ұлыбританияда «Коро­левский Аскот», Араб әмірлігінде «Дубай әлем кубогі» сияқты мы­салдарды көптеп келтіруге болады. Ал, көрші Түркіменстан атақты ақалтекесін насихаттау мақсатында арнайы министрлік те құрып тас­тады.

Соңғы уақытта, Білім және ғылым министрлігі б і з г е б е л г і с і з с е б е п т е р ­мен «Ақ жол» ҚДП фрак­ция депутаттарының ЖОО­ның ақылы бөлімдеріне түсу үшін ҰБТ­ны жою секілді ұсыныстарын қарастыру тура­лы ақпаратты бірнеше мәрте БАҚ­қа таратты.

Үстіміздегі жылдың 6­қыр­күйегінде Білім министр­ліг інің атына жіберілген депу таттық сауалындағы ұ с ы н ы с т а р ы м е н а т а л ғ а н ақпарат фракцияның нақты ұ с ы н ы с т а р ы н а с ә й к е с келмейді.

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутатта­р ы ө з д е р і н і ң с а у а л ы н д а «жастардың шетелге кетуі» м ә с е л е с і н к ө т е р г е н е д і , ҰБТ­дан бас тартып, Ресей, Қытай және Чехия қалалары беретін шетелдік тегін грант­тар бойынша білім алуға Қазақстандық түлектердің 30 пайызға жуығы кет іп жатқандығы сөз болды. Және де олардың дарынсыз жас­тар емес екені анық, енді көпшілігі Қазақстанға қайта оралмайды.

Біздің ойымызша, жас тарды мұндай таңдауға ҰБТ жүйесі, отандық білім беру сапасының төмен факторлары итермелейді. Осыған орай, мектептердің қабілетт і түлектерін елде сақтап қалу үшін «Ақ жол» фракциясының депутаттары Білім министрлігіне келесі шеші мдерді қа растыруды ұсынды:

1. 110 баллдан жоғары жинаған, бірақ таңдаған мамандығымен грант иелен­беген талапкерлерге жақын мамандықтар бойынша грант алу мүмкіндігін беру;

2 . Ж О О ­ н а т е к Ұ Б Т арқылы ғане емес, сондай­ақ талап кердің таңдауы бой­ынша қабылдау емтиханда­ры арқылы түсу мүмкіндігін енгізу;

3. «Жастардың шетелге кетуін» алдын­алу және та­лантты жастардың елге оралу бағдарламасын әзірлеу.

Сауалдың толық мәтінін ҚР Парламенті Мәжілісінің веб­сайтынан табуға бола­д ы h t t p : / / w w w . p a r l a m .k z / r u / m a z h i l i s / q u e s t i o n ­

details/13586.Көріп отырғанымыздай,

«жоғары оқу орындарының ақылы бөлімі» туралы мәселе көтерілген жоқ. Сонымен қатар, біз шетелдік ЖОО­ның біздің түлектерге ҰБТ­ның қажетінсіз­ақ тегін грант­тар беретініне басты на­зар аудардық. Және де осы жағдайларда «жастардың кетуіне» балама ретінде өз елімізде ұқсас мүмкіндіктердің болуы. Сондықтан біз білім б е р у г р а н т т а р ы н ы ң б і р бөлігін ҰБТ арқылы емес, т а л а п к е р д і ң ө з т а ң д а у ы бойын ша қабылдау емтихан­дары арқылы тағайындауды ұсынамыз.

Сонымен қатар, ЖОО­да оқуын жалғастырғысы келетін колледж түлектерін гранттарға тестілеуден толық босатуды ұсындық. Білім министрлігі орта техникалық білім алу­ды осылайша ынталандыруы тиіс деп есептейміз. Осы және басқа түсініктемелерді «Ақ жол» фракциясының депу­таттары Азат Перуашев пен Берік Дүйсенбинов ағымдағы ж ы л д ы ң 9 ­ қ а з а н ы н д а өткен Білім министрлігінің қоғамдық кеңесінің оты­р ы с ы н д а е г ж е й ­ т е г ж е й л і айтып берді, оның ішінде ЖОО­ның ақылы бөлімдер үшін ҰБТ­дан бас тартуды фракция ұсынбағанын ерек­ше атап кетті. Бұл ұсынысты министрліктің өзі жасады, бірақ белгісіз себептермен депутаттардың бастамасы деп беріліп жатыр.

Сонымен қатар, фракция­ның нақты ұсыныстары кең ауқымды және іргелі мәсе­лелерге қатысты, соның ішінде жазда қоғам арасында үлкен дау тудырған гранттар­ды тағайындаудың саясатына байланысты.

Қалай болғанда да, біздің ұсыныстарымыз Білім және ғылым министрлігі түсінік бергендей, ЖОО­ның ақылы бөлімдеріне қатысты емес, бұны тек министрлік өзі ен­гізіп және сәтті сызып тас­таған, жартылай шешім ре­тінде қарастыруға болады.

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

11 қазан 2017 жыл

Білім және ғылым министрлігінің «Ақ жол» партиясының ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсу үшін ҰБТ-ны жою туралы ұсыныстары туралы хабарламасы шындыққа жанаспайды.

арқылы шешу ұсынылған бо­латын. Қазір оларды әлдеқайда дұрыс шешті, – деп жалғастырды депутат. – Бірақ бұл туралы тіл мамандары мен тілшілер талқылайды».

С о н ы м е н б і р г е , П е р у ­ашев латын әліпбиіне көшуді бүкілхалықтық реформа деп ата­ды. «Жалпы алғанда, бұл жағымды іс, бұл реформаны біз өте жақсы бағалаймыз. Сонымен қатар, жұмыс тобы Елбасына есеп беріп, Президенттің жоғары бағасы мен қолдауын алды. Мәдениет министрі, өз кезегінде, егер ұсыныс болса, жұмыс комиссиясы қарастыруға дайын екенін айтты. Жалпы, латын әліпбиіне көшу бүкіл қоғам бойынша қабылданды. Бұл шын мәнінде, бүкілхалықтық реформа», – деп қорытындылады Мәжіліс депутаты.

бәйгелер ел ордасы Астанаға ат басын тіресе керемет емес пе? Және де бұл бәйге жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылса «Ұлы дала Аламанына» алыс­жақын шетелдік шабандоздардың өздері­ақ қатысуға ниет білдірер еді. Ал, ақпараттық қолдау мәселесі жоғары деңгейде болса, бұл жарыс жоғарыда аталған «Дубай әлем к у б о г і » , « М о н ғ о л и я д е р б и і » сияқты әлемдік ат жарыстарының ешқайсынан да кем түспесі анық. Ал, қазіргі бәйгелерге атын қоса алмай, мыңдаған доллар тұратын асыл тұқымды ағылшын аттарының көлеңкесінде қалып жүрген қазақ атбегілері мен шабандоздары үшін бұл үлкен мүмкіндік болар еді. Бұл дүбірлі дода – Ұлы дала елінің, көшпенділер ұрпағының рухын көтеретін, рухани жаңғыруға сай болатын, еліміздің сыртқы имиджін әлемге танытатын үлкен жоба бо­лар еді. Тарихтың талай тайғағы мен шатқалынан аман есен алып шыққан қазақ тұлпары бүгінде де еліміздің абырой­атағы үшін қыз­мет ете алатынына күмәніміз жоқ.

Бір сөзбен айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігі аталған Жобаны ұлт жаңғыруының ажыра­мас бөлігі деп танып, мемлекеттік деңгейде өткізудің шараларын қарастырып, өзінің спорттық күнтізбесіне енгізіп, оның түрлі ұйымдастыру мәселелерін қолға алуын сұраймыз.

Берік Дүйсенбинов, Мәжіліс депутаты«Қазақ үні» газеті,

Qazaquni.kz

Ал бізде ше? Бүгінде үлкен жа­рыстарда топ жарып бәйге алып жүрген тұлпарларымыздың түгелге жуығы ағылшынның асыл тұқымды немесе басқа да шетелдік жылқысы екені жасырын емес. Сонда ұзаққа шабуға шыдамды, Күндік жер­ден алқынбай жететін қазақтың асыл тұқымды тұлпарлары қайда қалды? Шынтуайтына келген­де қазақи жылқы біздің ұлттық брендіміз болуы тиіс емес пе? Сон­да өз жылқымыздың абыройын асқақтатуға, тұқымын сақтап қалуға не кедергі? Әлде қазақтың қасиетті жылқысы қара қазанда қайнататын қазы мен қарта үшін ғана қажет пе? Осы ретте өзіміздің қазақи жылқының жоғарыда аталған әлемдік брендтер қатарынан лайықты орын алуы үшін не істеу керек деген сауалдың көлденең шығатыны рас.

Біздіңше, бүгінде әлемдік деңгейге көтерілген қазақша күрестің «Қазақ барысы» жоба­сы секілді, тұлпарларымыздың артықшылығы мен ерекшелігін, шыдамдылығын әлемге танытатын күндік бәйге ұйымдастырылуы керек! Ол ұзақ қашықтыққа, тек қазақи жылқы ғана шыдас беретін 100­150 шақырымға дейін шабыс­тан болуы тиіс. Бұл жарысты Қазақ аламаны, Алаш аламаны, Құлагер кубогі деп те атауға болады.

Мысалға, кешегі Құлагердің құлаған жері, Ерейментаудан Астанаға дейінгі қашықтық дәл осы 150 шақырымды құрайды. Қ а з а қ т ұ л п а р ы н ы ң с и м в о л ы болған Құлагердің атын қайта жаңғыртып, Ерейменнен шыққан

www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 20177 Әлеумет

Қазақстанның оңтүстік-батысында қарт Каспийдің Маңғыстау түбегінде орналасқан бұл берекелі өңір еліміздің ортақ табысына елеулі үлес қосып келе жатқан аймақтардың бірі. Маңғыстау облысы – өнеркәсіптік өңір, мұнда Қазақстан мұнайының төрттен бірі өндіріледі. Ақтау — Жетыбай — Өзен бағытында алып мұнай құбыры өтеді. Аймақта аты әлемге аян Қазақстанның «теңіз қақпасы» - Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағы жұмыс істейді.Қандай да бір қуатты немесе әлсіз дамыған аймақ болса да жергілікті тұрғындардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы алдымен ескерілуі қажет. Өңірдің озық тұрғаны оның халқының тұрмыстық жағдайымен бағаланатыны белгілі. Бұл мемлекет ұстанған басты бағыт. Сол үшін де бірқатар құнды бағдарламалар қабылданып, еліміз бойынша іске асырылуда. Тарихы тереңде жатқан Маңғыстау түбегі де де бұл бағытта өздерінің тартымды істерімен мақтана алады.

46312,7 мың теңгеге сурдотехникамен, 356 мүгедек 31985,4 мың теңгеге тифлотех­никамен, 170 мүгедек 20982,5 мың теңгеге қозғалыс құралдарымен, 498 азамат 49800,0 мың теңгеге санаторлық­курорттық емде­умен, 1892 мүгедек 225307,9 мың теңгеге гигиеналық құралдармен, 54 естімейтін мүгедек 3637,0 мың теңгеге ымдау тілі ма­мандарымен , бірінші топтағы 274 мүгедек 66889,7 мың теңгеге жеке көмекшілермен қамтылды.

Облыс бойынша 4 медициналық әлеуметтік мекеме: «Психоневрологиялық интернат­үйі», «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат­үйі», «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат­ үйі» және «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» қызмет етеді. Өтен жылы аталған мекемелерде барлығы 962 адамға стационарлық жағдайда және жартылай стационар бөлімінде ар­наулы әлеуметтік сапалы қызмет көрсетті. Атап айтқанда, «Маңғыстау облыстық ба­лалар психоневрологиялық интернат­үйі» ­ 152, «Психоневрологиялық интернат­

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бе­руден бас тартылды.

Б ү г і н г і т а ң д а е ң б е к н а р ы ғ ы н д а сұранысқа ие мамандықтар бойынша тар­тылатын бірінші, екінші, үшінші санаттағы лауазымдарға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берілгенімен, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға мейлінше шектеу қойылуда. Облысқа негізгі шетелдік жұмыс күшін әкелуші келесі елдер болып табылады – Қытай ­ 571 адам, Үндістан ­ 235 адам, Түркия ­ 188 адам, Филиппин ­ 200 адам, Италия ­ 179 адам, Ұлыбритания ­ 122 адам.

2017 жылғы 1 қаңтарға шетелдік жұмыс күшін тартатын 170 жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген қолданыста 1878 рұқсаты бар. Квотаның орындалысы 64,3 %­ды құрап отыр. Маңғыстау облысы бойынша жұмыс жасайтын шетелдіктердің үлесі ­ 6,9 %, сәйкесінше шетелдік жұмыс күшін тартатын облыс мекемелеріндегі қазақстандықтардың үлесі 93,1%­ды құрайды.

Ш е т е л д і к ж ұ м ы с к ү ш і н т а р т а т ы н ұйымдарда өткен жылы қазақстандық азамат­тар үшін 3223 жаңа жұмыс орнын ашты, 12103 қазақстандық қызметкер кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін артты­рудан өтті, оның ішінде ерекше шарттарды орындау мақсатында 786 адам оқытудан өтті.

О б л ы с т ы қ ж ұ м ы с п е н қ а м т у д ы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген 54 рұқсат кері қайтарылып және 337 рұқсаттың қолданылуы тоқтатылды.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен жақында кезекті аппараттық жиын өтті . Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Алдымен 2016­2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асы­ру барысы талқыланды. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жар­маева баяндамасында облыста балалар өлімі 20,5%­ға азайғаны айтылады. Бұл жақсы көрсеткіш, адамдардың тұрмыстық жағдайы алдымен оның денсаулығына тікелей қатысты. Сондықтан бұл саланы әсте естен шығаруға болмайды.

Алқалы жиында кеңінен талқыланған тағы бір тақырып ­ «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарының 84­тармағы. Яғни, әлеуметтік көмекті оның атаулы сипа­тын күшейте отырып, оңтайландыру. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар б а с қ а р м а с ы н ы ң м і н д е т і н а т қ а р у ш ы Қарашаш Нұрмамедованың айтуынша, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы және мемлекеттік атаулы көмек, 4 және одан да көп балалы отбасыларға берілетін кәмелетке толмаған жәрдемақы біріктіріліп жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін 2018 жылдан бастап енгізу көзделіп отыр. Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова өңірде сандық экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау туралы мағлұмат берді. Биылғы оқу жылы­нан бастап жаңартылған білім мазмұнымен ақпараттық­коммуникациялық технология­лар пәні 5 сыныптан бастап барлық мектеп­терде енгізілді. Облыстың 60 мектебінде «Ро­бототехника» элективтік курсы өткізіледі. 2016­2017 жылдары информатика пәнінің 198 мұғалімі робототехника біліктілігі бой­ынша «НЗМ» ДББҰ­ың педагогикалық шеберлік орталығында және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ­ың Маңғыстау облысы бойынша филиалында қысқа мерзімді курстарынан оқып шықты. 2016 мұғалім деңгейлік курстар аясында ақпараттық­коммуникациялық технологи­ялар бағытында біліктіліктерін арттырды. Жиын соңында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов тиісті мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар нақты тапсыр­малар берді. Демек халықты әлеуметтік жағынан қорғау шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Бек МЫРЗАҰЛЫ

2016 жылы 62 кәсіпорындар мен мекемелерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне 407 қатысушы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасты­рылды және 84 кәсіпорындар мен мекеме­лер 258 оқу орындарының бітірушілеріне келісім бойынша жастар тәжірибесін өтуге жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыстан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Маңғыстау облысы бойынша жұмыспен қамтудың Кешендік жоспары шеңберінде бірқатар ша­ралар қарастырылды – олар іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындары­на, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Жұмыспен қамтудың өткен жылға арналған Кешендік жоспар шеңберінде жалпы саны 13907 адам жұмыспен қамтылды. Оның қатарында: «Нұрлы жол» бағдарламасы – 182, ЖҚЖК 2020 бағдарламасы – 7089, МИИДБ – 74, Аймақтарды дамыту бірыңғай бағдарламасы – 784, Аймақтарды дамыту бағдарламасы – 5707, БЖК 2020 бағдарламасы – 21 адамды қамтыды.

ТҮБЕКТЕГІ ТАРТЫМДЫ ІСТЕР

Жұмыспен қамтудың бір ғана 2016 жылға арналған Кешендік жоспары 10958 жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтуға қөзделген­ді. Ал іс жүзінде 11734 адам жұмыспен қамтылды. Мысалы, ­ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында – 137 адам, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы – 5578 адам, ­ МИИДБ – 48 адам, Аймақтарды дамыту бірыңғай бағдарламасы бойынша – 514 адам, Аймақтарды дамыту бағдарламасы – 5396 адам, «БЖК 2020» бағдарламасы – 11 адам, басқа бағдарламалар барысында ­ 50 адам. жұмысқа орналасты

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға өтініш білдірген 7044 азаматтарды тіркеп, оның ішінде 7040 адам бағдарламаның қатысушылар қатарына еңгізген екен. Осыған орай Жұмыспен қамту орталықтары тарапынан 7157 қатысушы еңбекпен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 5791 адам орна­ластырылды, 1366 адам – уақытша жұмыс орындарына жолданды.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойын­ша облыста әлеуметтік салада 187 нысан­дарды жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 2,1 млрд.теңге бөлінді. Осы жо­баларды жүзеге асыру барысында 977 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Б а ғ д а р л а м а н ы ң 2 ­ ш і б а ғ ы т ы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға республикалық бюджеттен 3,3 млн. теңге бөлінген. Кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 69 адам жолданып, 230 адамға шағын не­сие беру үшін 690,0 млн. теңге қаралды. Алдынала жоспарланғандай 227 адам 618,9 млн. теңге көлемінде несие алды, оның ішінде 14 адам 41,0 млн. теңге көлемінде мерзімінен бұрын қайтарылған несие ая­сында шағын несие алды. Шағын несиенің орташа мөлшері – 3,0 млн. теңге. Барлық шағын несие алушылар жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына заңды түрде тіркелген.

Бағдарламаның 3 бағытының бірінші бөлігі кәсіби даярлауға 308 адам жол­данды, соның ішінде 55­64 жастағы адамдардың саны – 20. Кәсіби даяр­лау слесарь­электрик, машинст, жылу орталығы операторы, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, болат­тан жасалынған құрылымды құрастырушы, құбыр жүргізуші мамандақтары бойынша білім алды. Оқуды 230 адам бітіріп, жұмысқа орналастырылғандардың саны 126 адамды құрады.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топ­тарын қорғауды жүзеге асыру мақсатында мемлекет және облыс әкімдігі тарапы­нан бірқатар әлеуметтік шаралары іске асырылуда. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тура­лы» заңына сәйкес 2016 жылы жанбасылық табыстары кедейлік шегінен төмен тұратын 468 табысы аз отбасының 2133 адамына 65279,6 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сол сияқты балалы отбасыларын әлеуметтік қолдау мақсатында «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар ту­ралы» заң негізінде он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін жәрдемақымен 128 отбасының 4084 ба­ласы қамтылып, оларға 47859,1 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. 1261 отба­сына 80646,3 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Денсау­л ы қ с а қ т а у ж ә н е ә л е у м е т т і к д а м у министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес мүгедектер, мүгедек балалар жеке оңалту бағдарламасы негізінде протездік ортопедиялық көмекпен, қозғалыс құралдарымен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдарымен, санаторлық­курорттық емдеумен тегін қамтамасыз е т у к ө з д е л г е н . Т ұ р а қ т ы б ю д ж е т т і к қаржыландыруға байланысты қазіргі таңда 757 мүгедек 40970,9 мың теңгеге протездік­ортопедиялық құралдармен, 212 мүгедек

үйі» ­ 255, «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат­ үйі» ­ 136, «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» ­ 419 мүгедек балаға қызмет көрсетті.

Аудандық, қалалық мәслихаттардың ш е ш і м і н е с ә й к е с б а р л ы қ т о п т а ғ ы м ү г е д е к т е р м е н м ү г е д е к б а л а л а р ғ а мерекелік күндер мен атаулы даталарға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көзделген. Облыс бойынша 20836 мүгедектерге және мүгедек балаларға 1088156,7 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді.

Халықтың көші­қонының азаюы бой­ынша Маңғыстау облысы халқының көшіп кету деңгейі төмен өңірлер тобына жатады. 2016 жылы өңірге көшіп келуші оралмандар саны артты. 2015 жылы облысқа 755 орал­ман келіп қоныстанса, 2016 жылы өңірге 3597 оралман көшіп келді. Бұл өңірдің экономикалық жағынан тұрақты екенін көрсетеді. Оралмандардың басым бөлігі – 2537 адам Өзбекстан Республикасынан, 945 адам Түркменстаннан, 89 адам Иран және Ауғанстан Республикасынан қоныс аударды.

2016 жылы Қазақстан Республика­сы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігішетелдік жұмыс күшін тартуға 2921 квота бөлді, оның ішінде: I санат – 121, II санат – 1000, III са­нат – 1200, IV санат – 400, маусымдық ауылшарушылық жұмыстарға 200 (бірлік). 2016 жылы басқармамен шетелдік жұмыс күшін тартуға 2489 рұқсат берілді, 122

№41 (758), 13 қазан, 20178 www.qazaquni.kzСабырхан Асанов – 80

Бір күні бір хат келді Оңтүстіктен. Бір дәптер өлең. Атын естігенмін. Кезедескенмін. Бірақ жоғалтып жүрген жігітім. Оқуын бітіріп елге кетіпті. Елден менің атыма бір топ өлең жолдапты.

«Көктем кеп сүйреген соң тракторды,Үніне ауыл сырты құлақ түрді....Кең дала бір шалқайып қалды­дағы,Төсінен маған бір гүл лақтырды».Осы жолдарды оқып бір түрлі қанаттанып

кеттім. Ғафу Қайырбековке бардым жүгіріп. «Оқыңыз, – деймін күлімдеп. Ол дәптерді оқи бастады. Өлеңнің тұстарына «Отлично» деп жазды. Редакцияның басқа қызметкерлері оқыдық. Бәрі де бірауыздан: – Мынау ақын жігіт екен! – десті. Сол ақын жігіт – Сабыр­хан Асанов еді. Көп өтпей авторды Алматыға шақырдық. Ол келді. Өлеңдері туралы тағы көңілімізді айттық. Жас ақын да өзіне сенімді секілді. Менің ағымнан жарылып айтқан әңгімемді селқостау тыңдады. Кім білсін, сол Сабырханың мені онша менсініңкіремей тұр­ау деймін. Бәрі де мүмкін. Сонымен сол Сабырхан «Жас дәурен» атты жинақ арқылы әдебиеттің қасиетті сарайына барынша ізетпен, барынша кіші боп келіп кіріп еді.

Мен оның жазғандарын оқып жүрем. Қадағалап, сызып оқимын. Жинақтан жинаққа өскен өкшелес іні­досымның твор­чествосына деген ықылас пейілімді бұдан жиырма шақты жыл бұрын жазып, оны «Жұлдыз» журналына ұсынған да едім. Менің де, Сабырханның да жолы болмады. Мен оны артық мақпаппын. Сынауым керек екен. Сондай­сондай әртүрлі сылтаулармен менің сол мақалам өзімнің архивімде қала берсін.

Сабырханның алғашқы өлеңі шыққалы да отыз жылдан астам қызмет істеп жүрген «Пи­онерге» жариялаған мен екенмін. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» демекші, Сабырханның да, Төлегеннің де, Фәризаның да, Сәкен Иманасовтың да, Қайраттың да, Қанипаның да, Ақұштаптың да алғашқы өлеңдерін оқып, «жол болсын» айтқан кісінің бірі мен едім­ау деген тәтті ойдан ләззат ала­тын кездерім көп. Мен бұларға ұстаздық еттім деген ойдан аулақпын. Мен бұларға ағалық құшағымды жайдым, өзім білгенімді білдіруге тырыстым десем, ол сөзімде ешбір артықтық жоқ­ау деп ойлаймын. Маған өлеңнің әліппесін үйреткен Еркеш Ибраһим. Еркеш­тен кейін Ізтай, Мұзафар, Ғафу ағалардың ал­дын көрдім. Қуандық аға алғашқы жырлары­ма сәт сапар жазып берді. Бәрі де кешегідей. Бәрі де жүректе алтын әріптермен жазулы тұр.

Сабырхан өз өлеңдеріне сәт сапарды Мұхтар Әуезовтің өзінен алғысы келіпті. «Жұрт Әбілданы, Жұбанды, Сырбайды айналдырып жүр. Тіпті Сәбит Мұқановты да жиып қойып Әуезовтің өзіне телефон соқтым», – дейді Сабырхан жастық шағын еске алып.

Бірақ Мұхаң: «Жігітім, алдымен мәде­ниет ті болуды үйрен», – деп сөгіп таста­ды. Көзім боталап, шекем шыңылдап үйге қайттым.

Әкем сот бол, прокурор бол деген соң ҚазМУ­дің заң факультетіне түстім. Екі курсын бітірдім. Сол сот болатын байғұсты журфакқа әкелген де дәптерге ойда жоқта түскен екі ауыз өлең емес пе еді? Әкем байғұс балам сот болады деп жүргенде, мен сорлап журфакқа емтихан тапсырдым­ау. Ақын болсам деген арман Алатаудай Әуезовтен сөз естіртті. Әуезовті ренжіткенімше өліп­ақ кеткенім жөн еді. Бірақ жан құрғыр тәтті екен, – деп Сабырхан осы бір әңгімесін аяқтайды.

– Сөйтіп сәт сапарды кімнен алдың? – дейміз біз Сабырханның Мұқаңмен «ренжісіп» қалғанын қызықтап.

– Бір күні жазғанымның тәуірін алып Әбділда ағаның өзіне бардым. Әбділда аға бір­екі күннен кейін жолық деді. Үш күн өткенде келсем:

– Сабырхан өлеңдеріңді «Лениншіл жасқа» жібердім, шығады. Разы болдым! – деді. Көп күттірмей «Лениншіл жас» бетіне суретіммен Әбекеңнің алғы сөзімен өлеңдерім шықты. Тұсауымды Әбекеңнің өзі кесті! – дейді Сабырхан күлімдеп. – Сөйткен ағаға анда­санда сәлем беруге де жарамай жүрем. Мені ұрып жығатын ешкім жоқ! – деп тағы ренжиді.

Сабырханның он бес шақты кітабы жарық көрді. Майда, назды, нәзік жырлары­мен Сабырхан Асанов жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Не жазса да өз жанының шуағына бөлеп, арман­ойын төгіп тастайтын осы ақынның жан толқынындағы иірімдер кісіні жақсылыққа, жарыққа, сәулеге жетектейді.

Сабырхан өз қаламын поэзияның өрісті де жомарт саласы поэмада да сы­нап көрді. Оның «Қажымұқан», «Махаб­бат елі» атты поэмаларынан жырсүйер қауым үлкен ләззат ала алмады. «Махаббат елін» бір кезде қолжазба күйінде оқып, онша ұнатпағанымды айтқанымда Сабыр­хан бауырымның орнынан үнсіз тұрып, сұрланып, сұп­суық боп кабинетімнен шығып кеткені есімде қапты.

– Гейне ақынның «өлеңімізді мақтамаса, әйелімізбен де ажырасуға бармыз» дегеніндей, өз өлеңдеріне аса ынтық ықыласымен қарайтындардың бірі осы – Сабырхан Аса­нов.

«Көз алмаймын көк теректің басынан,Қиял, қиял, ойхой, неткен күш едің.Көкте тұрған жұлдыздардың қасынанБір­ақ қарғып жерге бір кез түсемін».Ақын қиялы – осы. Ол жұлдыздармен бірге

ұйықтайды. Әрқашан жұлдыздардың арасын­да жүреді. Тіпті жай адам, екі аяқты пенде тірлігі шын ақынды жалықтырып та жіберуі мүмкін. Біздің ұлы ата­бабаларымыздың талайы шарапқа тұншығып, даңққа өртеніп, немесе махаббат жолында Мәжнүн болып кетпеді ме? Шын ақын болмаған соң, өз бойындағы отты сезінбеген соң, түнде ұйқы

үстінде өлеңнің періштесі жүрегіңе қонақтап, кеудеңнің қысылғанын сезбеген соң, Хамит ақын айтқандай, өлеңнің ақ сайтанына еріп кетпеген соң, ақын едім деп жұрт алдына шығудың керегі жоқ. Жыр киесі Сабыр­ханда бар болғандықтан да ол туралы ой толғап отырмын. Әйтпесе, толып жатқан өлеңшілерді қолдап, өңеш созар кезден мен де өтіп кеткен екенмін.

Сабырханда күннің «заказымен» жа зыл­ған өлеңдер де баршылық екен. Сол өлең­дерінен де ақын жігіттің қолтаңбасын тануға болады. Бірақ олар қазақ өлеңінің төріне шыға алмай қалады ғой. Қазақ өлеңінің ан­тологиясына кіретін өлеңдер ғана жазатын уақытқа Сабырхан да жетті.

«Ақ бұлттарға араласып,Ақ құстарға айналып,Ойларым­ау, барасыңдар,Барасыңдар қайда алып.

ақынға қамқор бола көр» деп телефон соққаным да дәл бүгінгідей есімде.

Біраз жылдан кейін Сабырхан әдебиетке біржола келді. Ол да біз секілді алғашқы жыл­дары көрінгеннің есігінде жүрді. Көрінген үйден пәтер жалдады. Үй иесі жақтырмаса басқа жерден «бақ» іздеді. Келіншегі екеуі Алматыны біраз шарлап барып Жақан Сыздықовтың ескі үйіне кіргендері де күні бүгінгідей есімде.

Сабырхан өз есіміне ұқсаған сабырлы, салмақты жігіт еді. Асып­тасқанын көрген емеспін. Көп сырын өз ішіне бүге білетін, көп ашыла бермейтін, аз сөйлесе де аңдап сөйлейтін азамат еді. Ешнәрсеге таңырқай бермейтін, басқаның мықтылығын да мой­ындамайтын мінезі бар еді оның.

Жас кезінде жас ақындар ақын ағаларынан «сәт сапар» алып жатқан кезде бұл азамат «сәт сапарды» Әуезовтің өзінен алғысы келіпті.

Қазақ поэзиясының мәуелі бағында өз өрнегі, өз үлесі бар көрнекті шайыр Сабырхан Асановтың туғанына 80 жыл толды. Жырлары сылдырап аққан дала бұлағындай сәруар ақынның өлеңі әрдайым талғампаз оқырманының мерейін қандырушы еді. Айрықша қолтаңбасы, ерекше мәнері бар лирик көп төгіліп-шашылмай, жүрек қылын шерткен тақырыпқа ғана көңіл сәулесін төккендей-тін. Де-генмен, аз жазса да саз жазған қаламгердің артында он бестей жыр жинағы қалыпты. Қарап отырсақ, соның бәрі өте өміршең дүниелер екен. Бүгін оқырман назарына ұзақ жылғы үзеңгілес досы, тетелес ағасы, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың ақын бауыры туралы әр тұстарда жазылған лебізі ұсынылып отыр. Өкініштісі, жай сөзінің өзі жүректен төгілген жырдай есілетін Тұмағаңның өзі де қазір арамызда жоқ. Бірақ жырсүйер қауымға, жас ұрпаққа арнаған асыл қазына – өлмес сөзі қалды.

Көңіл жетер көп жерлердіКөздеріңмен көріп­ақ,Шығайын­ақ деп пе едіңдер,Жердің шарын айналып», – деп өзі

айтқандай ақын көңілі қайда ала қашпайды.Сабырхан сазды, ойлы, мұңды өлеңдерді

көп жазды. Оның жырларынан мөлдірлік, нәзік шуақ көремін. Оның жастық сезіміне де ерекше сүйінемін. Оның көп өлеңдеріне ком­позиторлар ән жазды. Ол әндер елдің аспа­нында аппақ құстармен бірге қанат қағуда.

«Оңтүстіктен басталған көктем» бүкіл қазақ даласын аралап кетті. Сол көктем қ ұ ш а ғ ы н д а к ө п с а й р а ң д а ғ а н а қ ы н досымызға жазға қарай аяңда, жазды жақсы жырларыңмен жарылқа да, күздің де жомарт көңілін таба біл демекпіз.

***Мөлдір жырлар жазып, дос жинап, өзінің

бағасын өзі жақсы түсінген, баянды тірлік кешкен ақынның бірі Сабырхан Асанов еді. Тағдыр оны бір топ өлеңімен сол кез­де тұңғыш кітабы шыққан, жан­жағына қыранша қарап, қияға күнде қанат қаққан менің алдыма әкелген еді. Ол студент екен. Заң факультетінен ҚазМУ­дің журнали­стика факультетіне жаңа ауысқан студент екен. Қасында қара торы жігіт досы бар – екеу еді олар. Ақ сары әдемі жігіттің «әдеби тағдырын» оңай шештім. Бір­екі өлеңін «Пионерге» алып қалдым да қалған өлеңдерін Шәміл Мұхамеджанов досымның шешіміне жібердім. Шәмілге «өлеңдері жақсы жас

Сөйтіпті де Мұхтар ағаның үйіне телефон соғыпты. «Мен Сабырхан Асанов деген жас ақын едім, Мұқа. Өлеңдеріме Сізден сәт са­пар сұрап тұрмын» – дейді ініміз. Мұхаң жат та кеп ашулансын. «Ей, шырағым, – дейді Мұхаң. – Ең алдымен сыпайылық қайда? Мен сенің өлеңдеріңді оқығам жоқ. Оқысам ұнатам ба, ұнатпаймын ба? Ұнатсам сәт сапар жазамын ба, жазбаймын ба? Сен өзің бір мәдениеттен құр алақандау жігіт екенсің» – деп Мұхаң телефонын тастай береді ғой баяғы. Моншаға түспей­ақ терлеп, жас ақын Сабырхан үйіне қайтады басы салбырап.

«Бұл өлең дегеніңіз мені Әуезовтің өзіне ұрыстырды ғой, қайтейін. «Құласаң нардан құла» дегенді басшылыққа алам деп үлкен кісіден бата алам деп сөгіс естідім ғой» – деп қиналатын. «Ештеңе етпес, бауырым. «Ар­сыз болмай атақ жоқ. Алдамшы болмай бақ қайда» деген ұлы Абай» – деп жұбатам мен оны. Әйткенмен де Сабырхан сол бір балалық қимылынан өзі қысылатын сияқты еді.

Әкесін әңгімелеуге құштар еді. Оның әке туралы әңгімесін әке тәрбиесін көрмеген мен байғұс қатты құмартып тыңдаушы едім.

«Келіннің келбеті дұрыс па, аққұба ма, қара торы ма?» – деп сұрады әкем, келінін әлі көрмеген бір кезінде» – дейді Сабырхан. Мен «аққұба шығар» деймін кекірейіп. Бір күні үйіме апарып келіндерін көрсеттім. Әкем бір қаға берісте: «Сорлы балам, көзің қарайған екен. Мұндайды аққұба демейді, сіріңке қара дейді» – деді. – Мен ұлдың

№41 (758), 13 қазан, 2017www.qazaquni.kz9 Сабырхан Асанов – 80

ақын Қуандық Шаңғытбаев аға берсе, Са­бырхан Асанов сәт сапарды ақиық ақын Әбділда Тәжібаев ағаның өзінен алыпты. Алғашқы өлеңдерімен­ақ көңіліме аса бір үміт сәулелерін түсірген Сабырхан ақындығын мен ерекше сыйлаған кісімін. Өзі өскен өлкесінің ыстық күні, алаулаған гүлдері Сабырхан өлеңдері арқылы көңіліңді тағы бір қуантады, жақсылыққа жетелейді.

Алпысыншы жылдардың басында Сабырханның өлеңдері барлық газет­терге, журналдарға шыға бастады. Оның өлеңдерін әдеби жұртшылық өте жылы қабылдады. Мен «Жазушы» баспасында жұмыс істеп жүргенімде Сабырхан маған бір топ өлеңдерін алып келді. Бұл өлеңдер жақсы ақынның дүниесі екені бастап оқығаннан­ақ белгілі болып тұрды.

Қарайлатып өткенді Қаулап өсер көк те енді.Қалқиған әлсіз құрақтар,Көтеріп тұрды көктемді.Мұндай жолдар нағыз ақынның, үлкен

ақынның ғана қаламынан туады. Көктемді көтеріп тұрған құрақтарды ақынның көзі көріп қана қоймайды, оны өлмес өлең жолдарына айналдырады. Сезімді оятып, сергек көңіл сыйлайды саған.

Сабырханның «Тұңғыш кітап» (1963 жыл), «Таулар алыстан көрінеді» (1964 жыл), «Алматы менің жас шағым» (1968 жыл), «Шолпан» (1974 жыл), «Ақ бота» (1976 жыл), «Қоштасқым келмейді» (1978 жыл) тағы да басқа жыр кітаптары жарық көрді. Бұл кітаптар туралы кезінде жақсы­жақсы мақалалар жарияланды. Сөйтіп, ол қазақ өлеңіне көп үлес қосқан белгілі ақындардың біріне айналды.

Мен осы жігітпен өз өмір жолымда жиірек кездесіппін. Кейінгі бір жылдары тіпті жақындасып кеттік. Үйіміз ғана көрші емес, онымен көңіліміз де көрші болды. Жазған, сызғандарымызды бір­бірімізге оқып та жүрдік. Оның сыпайы мінезі, әрқашан кісі көңілін тапсам дейтін болмы­сы маған қатты ұнаушы еді.

Сабырхан екеуміз соңғы жылдары «Балдырған» журналында бірге қызмет істедік. Ол балаларға да жұп­жұмыр оқуға, жаттауға жеңіл өлеңдер де жазды. Екеуміз бірде бір топ өлеңді бірігіп те жаздық. Ол жемістер туралы өлеңдер еді. Бұл өлеңдер біздің шығармашылық бірлестігіміздің, достығымыздың айғағындай боп өмір сүре береді.

Сілкінбей де, ырғалмай,Жүзін саған бұрғандай.Сол жүзімде атамныңМейірімі тұрғандай.Көзің салсаң, қарсы кепҚаласың бір тамшы деп.Қарайды ылғи жәудірепҮзіп мені алшы деп.Екі жүректің бір жүрек боп, екі көңілдің

бір көңіл боп құшақтасқан куәсіндей осы бір өлеңдер алғаш «Балдырған» журна­лында, кейін менің де, Сабырханның да кітабына кірді.

Сабырхан поэзиясы терең ойлы, сезімге толы әсем поэзия еді. Өмірде өзі қандай сезімтал, сергек, сұлу болса, оның жырлары да сұлу, нұрлы еді. Көп оқитын, көп тоқитын ақын бауырымның жырдағы табысына бірге қуанған кездерім аз емес. Сабырхан достыққа да адал азамат еді. Оның қазақтың белгілі жазушысы Қалаубек Тұрсынқұловпен, үлкен ақынымыз Сәкен Иманасовпен достықтары кісі қызығарлықтай еді. Ал, атақты компо­зитор Шәмші ағасына деген Сабырханның көңіліне мен ерекше риза болушы едім. Шәмші екеуінің бірігіп жазған «Отырар­дағы той», «Теріскей», «Дүнген қызы», «Сағы нышым менің» сияқты шығармалары халықтың сүйіп айтатын әндеріне айналып кетті.

Сабырханда тек денсаулық кемдеу болды. Ал, ақындық, азаматтық, елге де­ген мейірім бір емес, екі азаматқа көптік етпейтіндей еді.

Өмірде мен онымен көп сыйластым. Көп сырластым. Ешкімнің сыртынан ғайбат сөз айтпайтын ақкөңіл ақын азамат әрдайым халқының жүрегінде. Оның поэзиясы туған елімен бірге жасай беретініне бек сенімдімін. Жүрегім аса жылы қабылдайтын іні ақынның мерей­тойы – халықтың тойы, оны жақсы көретін біздің де тойымыз.

тұңғышы болған соң қалжыңдаса беремін. «Біздің бәйбіше сіз айтқан сіріңке қара емес, қара торының әдемісі екеніне шүбәм жоқ, қария. Және бір малыңды шығын етпей қатын алдым. Несіне қиналып отырсыз» – деп қалдым. «Ұрпағымның бойы аласа бола ма деп қиналам» – деді әкем маған күлімдей қарап. «Сізге тартамыз деп ел бетіне мына мұрынмен қалай қарарымызды білмей жүр емеспіз бе» – дедім мен одан әрі қуақыланып. «Сенің мұрныңдай қыр мұрынды жұрт Бұхар базарынан да сатып алуға таба алмай жүр, балам. Қуанғаныңнан айттың­ау» – деді әкем. Мен әрі қарай таласпай тоқтадым» – дейтін еді Сабырхан әкесімен арасындағы болған бір қалжың әңгімесін еске түсіріп. Ол дүниеден өткен әкесіне деген сағынышын айтып келе жатқанын түсініп, мен оның әкесі жайлы әңгімелерін елтіп тыңдаушы едім шіркін.

Сұлу әйел, жалпы сұлулық жайлы әңгімелеріміз де көп еді. Сырласушы едік, сырымызды үшінші адамның естімейтініне сенуші едік.

Адамның адамдығы өзіне тән кісілігімен өлшенетіні рас болса, сол кісілік біздің Са­бырханда мол еді. Біреудің жанын жаралауға асықпайтын еді ол. Сауысқандай сақ, тұлпардай сергек, сезімтал жігіт еді. Біреуге бір жақсылық істесем дейтін ниеті де көп болушы еді. Бірақ, біреуден бір дұшпандық сезе қалса, ол кісімен өмірі амандаспауға бар, қатты еді осы жігіт.

Әділет туын қаншама биік көтере аларын білмеймін. Өйткені оның қолында билік көп бола қойған жоқ. Сырласып жүрген бір кеш­те «Сабырхан, осы өмірде жете алмай бара жатқан арманың бар ма?» – деп сұрадым мен одан. «Арманым бар, Тұмеке. Заң қызметкері болам деп заң институтының екінші курсын

Әбділда ТӘЖІБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы

КӨП ҮМІТ КҮТЕМІЗӨзі де нәзік, сөзі де нәзік жас жігіт маған бір топ өлеңін әкелді. Мен соларды

оқып отырып, көп жерінде селт еткендей, сезім тапқандай қуанып отырдым.«О, дала, дала, сенің кеңдігіңді,Ержетіп тентек балаң енді білді.Көк салсам, қуанғаннан кеудем меніңТүндіктей желпілдейді желді күнгі...» – депті жас ақын. Бұл тамылжыған

сезім күй. Мұның авторы – Қазақтың мемлекеттік университетінің студенті Сабырхан Асанов екен.

Жас ақын лириканың өзіне лайық композициясын таба бастаған, әр өлеңінен жылы леп, ойлар, суреттер аңғарылады; лирикалған нысаналарын сөзуарлыққа салмай, толғай айтады да, тартымды күйден асырмай бітіреді. Осылай жырлай берсе Сабырханнан көп үміт күтуге болады.

бітіріп тұрып өлең деген әулие ҚазМУ­дің журналистика факультетіне әкеп түсірді. Үлкен ақын болдым ба, болмадым ба, оны мен білмеймін, Сіз білесіз. Әйтеуір, өлеңге берілетін атақ­абыройдан жұрдай екенімді білесіз. Беріліп тұрған Жазушылар одағының сыйлығын одаққа жаңа басшылар келді де, бермей қойды. Менің бір арманым Жазушы­лар одағының тізгінін ұстау еді, Тұмеке. Ең алдымен денсаулығым қанатымды жаздыр­мады. Екіншіден, бақ құсы дейтін әулие құс біздің басқа қонбай кетіп бара жатыр» – деді Сабырхан інім. «Мен ендеше хатшы болам деп армандап көрген емеспін. Хатшы болу үшін ақыл мен айла қатар болуы керек кісіде. Осы екеуінің бірі де менде жоғын білдім де, ол биікке ұмтылмақ тұрмақ, ондай биік бар екенін де елеп, ескерген емеспін» – дедім. Және Сәбит, Ғабит, Ғабиден ағалар шыққан биікке отырсам деу сау кісінің ойлар ойы емес қой» – дедім тағы.

«Көке, ол орында өзіміздің қатарымыз Олжас та, өзіміздей Қалдарбек ініміз де отыр емес пе, уақыт маған да бір кезегін бермес пе еді, әділ болса» – деді Сабырхан қызарақтап. Мен ойланып қалдым. «Келесі съезде мен сенің кандидатураңды ұсынайын, дайындал» – дедім мен. «Жоқ, енді болмай­ды, жарым денсаулықпен елге билік айту ақымақшылық болады», – деді Сабырхан күрсініп.

Е л у д е н ж а ң а а с қ а н а р ы с т а н д а й жігіттің саулығының кем екенін екеуміз Сарыағашқа барғанда, бір бөлмеде жатып ем қабылдағанда байқадым. Ішіме бір мұң кіріп, курорттан ол да, мен де көңілсіз оралдық. Бірге жұмыс істедік. Сол бауырымның саулығына жәрдемдесем деп қолымнан кел­ген көмектің бәрін де істедім. Ол жаз бойы өзі туып­ескен Түркістан топырағына кетуші

еді. Алматыда жазда тұра алмайтын еді ол. Қолдан бәрін қиыстырып, жаз шыға аттан­дырып аяулы іні, досымды күзде Алматыдан күтіп алушы едім мен.

1995 жылдың күзінде ол жылдағыдай жайраңдап кеп менің қолымды ала алмады. Біз оның мәйітін күтіп алдық.

Сабырхан ақын әдебиетке өшпес, өлмес із қалдырды. Оның өзі көзі тірісінде шығарып үлгерген жыр кітаптары сол кездің поэзиясының шұрайлысынан, шуақтысынан саналады. Оның өлеңдері өз тұстасы Төлеген өлеңдерімен бірге, ағасы Еркеш өлеңдерімен бірге болашақ ұрпақтың көзін қуантып, көңілінен шығатын жақұт өлеңдер екенін мен үлкен сеніммен айтам. Таң шығындай таза, жазғы самалдай жылы, ақша бұлттай аздаған мұңы бар Сабырхан жырлары – қазақ жырларының санын да, сапасын да көбейтіп тұр. Өзінің замандасы Жүсіп Қыдыров, дос ағасы Құдаш Мұқашев жырлары секілді Сабырхан жырлары да кезегінде қайта басылып, келер ұрпақтың қимас қазынасына айналатынына мен кәміл сенемін.

Біз көбінде өлең туралы сөйлесуші едік. Сорлы өлең соңымыздан бір қалмайтын еді­ау. Бірде машинаның рулінде мен, ол менің қасымда отырып қойнынан қағаз алып бірдеңелер жаза бастады. Мен көрмеген

боп машинамды айдап келе жаттым. Іштей күбірлеп, ерні жыбырлап қағазға қаламын қадай сүйкеп отыр. Бір кезде жүзі жадырап: «Тұмаға, бір өлең мазалап жүр еді, ақыры құтылдым» – деді. Мен «оқы!» – деп ишарат білдірдім.

Жақсылықты көргенмен бірден көзім,Шамалы оның бағасын білген кезім.Немді алған­ау біреуге ақыл айтпақ,Сол ақылды таппастан жүргенде өзім,

– деп аяқталыпты өлеңі. «Әй, сен анада одаққа басшы болсам – деп армандап едің ғой, ақылың жоқ болса, одақты қайтіп басқармақсың?» – деп күлдім мен. «Тұмаға, сіз де бір айтқанды ұмытпайды екенсіз. Ол бала күннің арманы болатын. Бүгін Шол­панды басқарсам да, соған шүкір деп жүр емеспін бе?» деп күлді Сабырхан. Оның әсем күлкісі, әсем әзілі, бұртиып өкпелеп қалатыны бір қызық дәурен екен ғой мен үшін де.

Өзімнен жасы кіші бауырым туралы естелік жазам деп кім ойлаған. Ол менің ақындық өмірімнің дос, серігі еді­ау. Сырға берік сабаз еді­ау. Өзі туған топырағындай ыстық жүректі, туған даласыңдай кең пейілді бауырымды ойласам жүрегім мұңға тола­ды. Тағдырға не дерсің. Тарлан ақын осы күндері тірі болса алпысқа толар еді. Біз оны жарқылдап тойлар едік қой. Дегенмен, Са­бырхан жырының тойы басталып кетті. Ол тойды анау күні Ғалымдар үйінде қазақтың айтулы ақын қызы Фариза бастады. Ақын тойы жалғаса берсін.

***Біз ақындар, бірімізге біріміз сүйеніп

өстік. Алдыңғы ағаларымызды оқып жетілдік. Маған жырға сәт сапарды лирик

10 www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 2017Эссе

(Соңы. Басы өткен санда)

Иван Александрович Бенедиковтың қабылдауында болып:

– Қ а з а қ с т а н о р м а н ғ а б а й республиканың бірі. Ендеше бізге ор­ман шаруашылығы факультетін аш­пай болмайды, кадрлар дайындауымыз керек, – деп айтып түсіндіріп, орман шаруашылығы факультетінің ашылуына рұқсат алды.

Былтыр осы факультетте бір жиын болып, мен:

– Ұ я т с ы з с ы ң д а р ! С е н д е р д і ң

б і л і м ­ ғ ы л ы м т ө ң і р е г і н д е к е л е л і әңгіме қозғайды. Тіпті сол жолы алғашқы кездесуден­ақ КСРО Ғылым Академиясының президенті Комаровқа хат дайындап, қабылдауында болады. Екеуі екі жақтан айбары асқан академик Комаровты ортаға алады. Қазақстанға жеке Ғылым Академиясы қажет екенін, Комаровтың менсінбей: «Оған басшы болатын кімің бар?» дегеніне: «Сәтбаев бар, КСРО Ғылым Академиясына мүше болуына мүмкіндігі де мол!» – дегенді қасқайып тұрып айтып, Сәтбаевтай ұлы ғұламаны дөп танып, осылай ұлттық

Оңдасыновтың қасына келеді де: «Мақта өсіретін үш ауданды Өзбекстанға бе­руге үнемі қарсы болушы едің, ертең Қазақ ССР­і Жоғарғы Кеңесінің қаулысы алынады» – деп кекетеді. Сон­да Нұрекең: «Мен қазір Қазақстанды басқарсам, әлі де қарсы болар едім», – депті. Неткен жүректілік?! Ол бұл кезде Атырау облысын басқаратын. Мұны оның қасындағылар да естіп тұрды ғой. Бірауыздылық танытып, мәселенің жөнін түсіндірелік деудің орнына әлгілер оған: «Кешірім сұрап, ертең сессияда аудандарды беру тура­

факультеттеріңді алғаш ашқан Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов. Ол кісінің суретін көрнекті жерге іліп қоюларың керек! – деп қатты сөйледім.

1948 жылы Алматыда механикалан­дыру, электрофикациялау ғылыми­зерттеу институты ашылды. Ол да Нұрекеңнің бастасымен жүзеге асты. Бұл жолы да Иван Александрович Бенедиковқа екеуміз бардық. Ол:

– Директорды өзіміз тауып берейік, – дегенде мен ақырын ғана сыбырлап:

– Нұреке, кадр өзімізде де бар ғой, – деп едім:

– Үндеме, – деді ол кісі де сыбырлап. Іле Иван Александрович Бенедиковтың ұсынысын құптай жөнелді. – Директор тауып берсеңіз қуана қарсы аламыз. Ешқандай қарсылығымыз жоқ.

Далаға шыққан соң:– Директорды өзіміз табамыз деп

неге айтпадыңыз, Нұреке? – деп едім:– Әй, сен қызық екенсің. Өздері

жіберсе, қолдауы күшті болады. Ол ди­ректор бір жыл, екі жыл істейді. Одан кейін өз кадрымызды қою қиын емес қой, – деді күліп.

Хайдар аға маңдайын қолымен ұстап, ойға ене:

– Нұрекең шексіз адал еді, – деді бойын тіктеп, маған күлімсірей қарап. – Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауданында тұратын інісі біреулердің азғыруымен бе, әлде өзінің құлқынының кесірінен бе, мемлекет меншігіндегі бір атты екі­үш досымен сойып алыпты. Оны заң орны тексеріп, іс сотқа өткенде:

– Өзі істеді, сазайын өзі тартсын, – деп Нүрекең араласпай қойды.

М е н Н ұ р т а с Д ә н д і б а й ұ л ы н ы ң Москвадағы екі бөлмелі үйінде де бол­дым. Тұрмысы жұпыны. Ұйықтайтын бөлмесінен темір кереуетті көріп, таңғалдым.

Хайдар аға түсін дегендей маған иегін көтере:

– Ел ағасы Нұрекең ел қатарлы қарапайым өмір сүрді. Бұл ұрпағымызға үлкен үлгі, – деді күлімсірей орнынан тұрып. Көрші бөлмеге еніп, қайта келді. Қолында газет қиындылары.

– Мына екі мақала туралы өзіңмен ой бөлісейін, – деп орнына асықпай жайғасып, көзілдірігін киді. – Кейбір авторлар Нұрекеңнің табиғатына мүлде жат істерді ойдан қосып жазып жүр. Бірер дәлел келтірейін. Г.Оразалиеваның «Оңдасынов ұмытылып бара ма?» («Ана тілі» газеті, 23. Х. 2003 ж.) деген мақаласындағы мына үзіндіге көңіл бөлейік.. «Сәтпаев «Алашорданың» мүшесісің деп қай күні, қай сағатта алып кетер екен деп көңілі күпті боп жүргенде «Сізді Совнарком Оңдасынов шақырады» дегенде ойланбастан Москваға тартқан ғой. Оны маған кез­дескенде өзі айтып, ризашылығын білдіргені бар», – дейді.

Б ұ р ы н т а н ы п ­ б і л м е г е н е к е у і қонақ үйде кездесіп, республиканың

ТаутұлғаКөрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстан үкіметін он үш жыл басқарған

Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов туралы академик Хайдар Арыстанбекұлы шерткен сыр

ғылымның дамуына даңғыл жол салған Оңдасынов екенін біреу біліп, біреу білмейді».

Бұл, меніңше, шындыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, керісінше ел­жұртымызға Нұртас Дәндібайұлын мәдениеті төмен, дөрекі, шолақ белсенді етіп көрсетерлік сипаттама. Себебі, біріншіден, Қазақ ССР­і Ғылым ака­д е м и я с ы н а ш у , а ш п а у м ә с е л е с і Орталық партия комитетімен келісіліп шешіледі, екіншіден, біз білетін Нұрекең жоғарыдағыдай өзімбілермендікке бар­майды, баруы мүмкін емес.

«Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған «Қайраткер» (09.Х.2004 ж.) деген мақаласында Ө. Айтпайұлы Г. Оразалиеваның жоғарыдағы сипаттама­сын өзінше өңдеп, былай қайталаған. «Орталықтан алыс жердегі Жезқазғанда жүрген Қ. Сәтбаевтың жазған бір ойлы мақаласын газеттен оқып, Н.Оңдасынов оны дереу Мәскеуге шақыртады. Өйткені , ол кезде Жезқазғаннан Алматыға жетуден гөрі Мәскеуге жету әлдеқайда оңайырақ болатын. Ұлы ғалым Қ.Сәтбаевтың болашағын алдын ала көрегендікпен болжаған Нүрекең оған үлкен сенім артып, Қазақ ССР­нің өз Академиясын құруды тапсы­рады. Табыстап қана қоймай, өзі Қ.Сәтбаевты қасына алып, КСРО Ғылым Академиясының президенті В.Комаровқа бірге барып, Қазақстанда Ғылым Академиясы филиалын ашу тура­лы мәселе қояды. Қ.Сәтбаевты академик ету туралы өтініш те айтады».

Бұған түсініктеме берудің өзі артық секілді. Жалғыз­ақ айтарымыз, «Өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» етіп жаза берсек, кейіпкер тұлғасы биіктейді деп ойлайтындар қатты қателеседі. Нұрекең олар сипаттағандай партизан кісі емес болатын.

«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей енді мына үзіндіні оқылық. «Қолында арағы бар Хрущев

лы ұсыныс жаса»,–дейді. Бірақ оған Нұрекең көнбейді. Міне, Оңдасыновты қауқарсыз адам атандырғысы келіп жүргендерге бұдан артық қандай жауап болмақ» /Ө. Айтбайұлы, «Қайраткер» , 09.Х.2004 ж. «Егеменді Қазқастан»/.

Б ұ л а д а м с е н б е й т і н н ә р с е . Біріншіден, Нұртас Дәндібайұлы қызмет істеп жүрген кезде үш аудан мәселесі мүлде қозғалған емес. Ол 1961 жылы Хрущевтің Бүкілодақтық мақта өсірушілердің Ташкентте өткен кеңесіне келіп, мақта даласын аралап жүргенде сөз болған. Екіншіден, ол мәселе бой­ынша құрылған комиссия құрамына Бейсебаев, Дәуленов, Тәшенов, мен, Морозов, Шереметев еніп, Өзбекстанға ешқандай жер берілмесін деп шешкенбіз. Бірақ өзімбілермен Хрущев бізбен са­наспай, үш аудан тағдырын өз бетінше шешті. Нұртас Дәндібайұлының бұл іске ешқандай қатысы жоқ.

Біз мақтасақ та, даттасақ та шындық шеңберінен шықпауымыз керек. Одан тұлғаларымыз аласарып, кішірейіп қалмайды, керісінше биіктей түседі. Айталық, Ө. Айтбайұлы Хрущев­ке қарсы сөз айтқызу арқылы Нұртас Дәндібайұлын алды­артын ойламайтын, кіммен сөйлесіп тұрғанын таразылай білмейтін, кеудемсоқ, оспадар біреу етіп көрсеткен. Бұл халқымыздың ар­намысы алдында кешірілмес үлкен күнә.

Менің бір түсінбейтінім, жоғарыдағы авторлар Нұрекең жан дүниесін түсінбесе де түсінетін адам боп жазатыны. Ең құрығында мұражай құжаттарын зерт­теп, соларға сілтеме жасап, не Нұрекеңді көрген адамдармен сөйлесіп жазса да тәуір ғой. Құр қызыл сөзге сүйеніп, өтірік мақтағаннан не ұтады? Бұл кімге керек? Дана халқымыз «Өтірік өрге баспайды» деп бекер айтпаған.

Біз ірі тұлғаларымыз туралы жаз­ғанда қара қылды қақ жарғандай әділ болуымыз керек. Әділ болсақ, жұрт айтқанымызға сенеді. Бір жерімізден

өтірігіміз шықса, жұрт сенбей қалады. Мақтаудың жөні осы екен деп өтірік оқиғаны құр босқа жамай бермеу керек. Онсыз да Нұрекеңнің атағы жетіп, арты­лады. Бір мысал, тірі жүргенінде туған ауылына қолұшын берген жоқ. Ол кісінің ауылы басқа ауылдармен бірдей болды. Бұл Нұртас Дәндібайұлының адалдығы, кішіпейілдігі.

Кіндік қаны тамған туған жеріне Нұрекеңнің шарапаты шәкірті Сағидолла Құбашев арқылы тиді. Мен Сағидоллаға шексіз рақмет айтам. Жерлеуін өз қолымен атқарып, қабірінің басына бюстін қойдырды. Ұстазының ауылына жол, мектеп салдырды. Оңдасыновтың аруағы бір адамға риза болса, Сағидолла Құбашевқа риза шығар деп ойлаймын.

Нұрекеңнің туған жерін шексіз сүйетіні «мені ауылыма жерлеңдер» де­ген өтінішінен­ақ танылып тұрған жоқ па? Ауылы да ол кісінің адамшылық, перзенттік қасиетін түсінді. Рухани орда­мыз Түркістанға бюстін орнатты. Мұны мен Нұртас Дәндібайұлын туған жерінің, туған елінің бағалағаны деп білем. Отанда­стары Алматыдағы тұрған үйіне ескерткіш тақта қойды. Жоғарыдағы авторларға ұқсап, Нұрекеңе ешқандай құрмет жоқ деп құр босқа айта беру жараспайды. Ол шіркіндер «Оңдасынов ұмытылып бара ма?», немесе «Оңдасыновты қауқарсыз адам деп жүргендер» деу арқылы да Нұрекең тұлғасына көлеңке түсіргендерін сезер ме екен? Әділеттік керек, Димаш Ахметұлы Қонаев Нұртас Дәндібайұлын барлық кезде ұстаз тұтты. «Қауқарсыз» болса, ұстаз тұта ма?

– Хайдар аға, бұл пікіріңізді мен жандандырайын. Мұны кезінде Баукеңе, Бауыржан Момышұлына айтқан едім. Ол кісіге: «Қазақстанның жиырма жылдан астам Москвадағы өкілі болған Сәбит Жаданов ағаны білесіз ғой? – дегенімде:

– Білем. Ол саған аға болса, маған іні, – деп Баукең күлді. – Иә, ол не деді?

– Жұмыс бөлмемде отырғам. Димаш Ахметұлы тіке өзі телефон соқты, – деді Сәбит аға ойлана отырып. – Бұрындары мені ол кісімен хатшысы, не көмекшісі Дүйсетай байланыстыратын. Шошып кеттім. Сәлемдесіп, амандық­есендік сұрасқан соң:

– Сәбит, сен неге Нұрекеңе, Нұртас Дәндібайұлына үй бермей жүрсің? – деді.

– Димаш Ахметұлы, ол кісі маған ондай өтініш айтып келген емес. Менің білетінім, тұрған үйі бар секілді.

– О л е к і б ө л м е н і к о о п е р а т и в тәртібімен сатып алған екен. Сенің қорың бар. Нұрекеңнің мәселесін шеш.

– Жарайды.Жарты сағаттан кейін Димекең қайта

телефон соқты. – Сәбит, Сен абдырап, қысылып

қалған жоқсың ба? Қысылма, жағ­дайыңа қара. Жаңа Нұрекең, Нұртас Дәндібайұлы қасымда отырған еді. Ол кісінің көзінше мен сенімен әлгіндей сөйлестім. Көңіліңе алма. Мүмкіндігің келіп жатса, көмектес. Ол кісіні ұстазым деп сыйлайтынымды білесің ғой, – деді.

– Димекең кішкентай нәрсенің өзіне қалай мән береді десеңші? Неткен сезімтал жан?! Байқадың ба, Нұртас Дәндібайұлының да, Сәбит Жадановтың да көңілін аулап тұр ғой, – деп Баукең толқып, тебірене сөйледі. – Сонымен ол Димекең тапсырмасын орындап па?

– Көп кешіктірмей Нұртас Дәндібай­ұлына екі бөлмелі үй беріпті.

– Тұрып жатқан үйінен басқа үй ме?– Иә, басқа. Бұрынғы баспанасын

үлкен немере қызына қалдырыпты. Тұрған жерлері бір­біріне өте жақын, бір­біріне қатынауларына оңай, – дегенді айтты.

– Нұртас Дәндібайұлының қандай сыйлы, абыройлы кісі болғанын осы шағын оқиғаның өзі­ақ дәлелдеп тұрған жоқ па? Ол кісіні Димекеңнің ұстазым деуі жай айтыла салған сөз емес. Нұртас Дәндібайұлы «қауқарсыз», әлде қауқарлы ма екен? – деді Хайдар аға әр сөзіне салмақ сала сөйлеп.

Мамытбек Қалдыбай, жазушы

www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 201711 Мир тюрков

Кайрат ЖАНАБАЕВ:

15 марта в Национальной библиотеке РК прошли литературные чтения книги Едыге Турсунова и Кайрата Жанабаева «Звездная песнь Серебристой волчицы». Эта уникаль­ная поэма: многие исторические, мифиче­ские, сказочные фрагменты о древних тюр­ках и их предшественниках «переплавлены» высоким поэтическим языком в цельную художественную картину. Сразу привлекает внимание читателя язык поэмы – это клас­сический язык эпического произведения с характерными развернутыми сравнениями, повторами, лирическими отступлениями, вкраплениями в прозаическую форму по­вествования стихотворной и т.д.

С другой стороны, поэму нельзя воспри­нимать как красивую легенду о Волчице, как чисто мифологическую вещь, ибо она об ис­токах тюркской государственности, отчасти о нашей жизни – взгляд на современность через древнетюркский исторический фон.

Мы обратились к одному из авторов «Звездной песни», известному исследова­телю казахского эпоса, переводчику, поэту Кайрату Жанабаеву раскрыть тайны Сере­бристой волчицы.

– Кайрат, расскажите нам об истории на­писания книги.

– Книга писалась и дорабатывалась нами много лет. Различные ее варианты публиковались в журналах «Евразия» и «Рух­Мирас». Еще в то время книга получи­ла высокую оценку в обществе. На данный момент у книги более десятка рецензий и газетных публикаций. Хотя поэма готова, в данное время делаю окончательную редак­цию, так сказать, последние мазки кар­тины – надеюсь, что она лучше предыдущих вариантов. Это необходимо для моего спо­койствия перед изданием отдельной книгой.

– Была ли какая­то официальная оценка про­изведения?

– В 2 0 1 0 г о д у книга заняла II­место в номинации «Лучшая

Это своего рода художественная энциклопедия истории и мифологии древних тюрков. Здесь исторические лица соседствуют с легендарными персонажами, реальные события оттенены мифологической мозаикой, а многие места переданы глазами Серебристой волчицы – легендарной прародительницы тюрков. Немалое место занимают и древние боги тюрков – как и положено в древности, мышление у предков тюркских народов было мифологическое. Как в «Илиаде» или «Эпосе о Гильгамеше», боги тюрков небезучастны в человеческих судьбах. Также присутствуют космогонические, астральные, сакральные мотивы.

МИФЫ ДРЕВНИХ ТЮРКОВ, или о чем поет Серебристая волчица

книга для детей и юношества» и удостоена премии АНК РК. Как отметили эксперты, «Звездная песнь Серебристой волчицы» вошла в золотой фонд летописи литера­турной жизни нашего города, современной казахстанской и мировой тюркоязычной литературы.

О тюркской мифологии так мало знают потому, что в советское время подобная публикация была невозможна в силу идео­логических приоритетов и недопонимания особенностей кочевого мышления. И еще до революции такие выдающиеся личности, как Валиханов, Анечков, Миропиев, По­танин, обратили внимание на удивительное своеобразие и в то же время классичность казахских мифов и легенд. Когда появилась возможность познакомить широкого чита­теля с этим уникальным наследием, встал вопрос, в какой форме представить мифы.

– Насколько могу судить, опубликован­ный вариант легенды и нынешний вариант, который вы завершаете, заметно отличаются?

– Не сказать, что сильно отличаются, но в новой редакции дополнительно введены исторические фрагменты, которые оттеняют мифологические мотивы. И, конечно, в це­лом поэма обрабатывалась, совершенство­валась поэтически. Надеемся, что на наше произведение обратят внимание меценаты, патриоты культуры.

– Поэма начинается с темы Учителя… – Наша цель – не сколько стремиться

к изданию и продвижению книги, сколько раскрыть преобразующую роль личности ученого в тех сферах, которых он так или иначе касался. Едыге Даригулович Турсунов известен науке как первый профессиональ­ный сказковед, мифолог, эпосовед, круп­нейший теоретик, оставивший глубокий след в истории, этнографии, искусствоведе­нии.

Наша поэма «Звездная песнь Серебри­стой волчицы» посвящена памяти другого выдающегося ученого, тюрколога, заме­чательного человека Алтая Сарсеновича Аманжолова. Теперь это уже и духовный памятник самому Едыге Турсунову, его ге­роическому труду, борьбе в науке, его любви к истории и народу.

– Уже стали говорить, что это одна из лучших книг современности, огромный вклад в современный казахстанский литературный и тюркоязычный процесс, в историю мифоло­гии. Вкратце расскажите о поэме.

– Эта книга – первое литературное по­вествование о мифологической истории тюрков, их героической борьбе за свободу и независимость. Она об истоках казахской государственности, о мифах и легендах

тюркских народов. Она о нашей совре­менности, несмотря на древнетюркский исторический фон: те же вечные проблемы человеческого бытия, поиск смысла жиз­ни, борьба за человеческое достоинство и свободу, тема Учитель и власть. Но все эти сюжеты облечены в мифологическую обо­лочку.

– Какая структура «Звездной песни»?– Поэма состоит из семи ташей (семи

разделов) по аналогии с древнетюркскими надписями на камнях (мәңгу таш – «вечный камень» древних тюрков), каждый таш со­стоит из иров (каз. жыр). Жыр – эпическое сказание о жизни народа. Охватывают со­бытия с конца V века и собственно VI век. И как эпическое произведение, в поэме прозаическое повествование чередуется со стихотворным.

– Есть ли в книге исторические деятели? Какую роль играет Волчица?

– В поэме повествуется об истории тюркских каганатов, внутренней жизни каганата, борьбе кланов, о культурной и социальной жизни тюрков и их соседей, об отношениях тюркских каганатов с со­седями и т.д. Много исторических деятелей вроде аварского правителя, перемешанных с полулегендарными персонажами типа Ашина, кагана Ичи. Исторические со­бытия в поэме завершаются с появлением на сцене Бумын­кагана и Истеми­кагана, которые станут реальными основателями первого тюркского каганата, т.е. о зарож­дении тюркских государств. И в конце поэмы Волчица поет песни Бумын­кагану, как пела до этого его предшественникам. И фоном выступает вся тюркская мифология, которая показана в такой красивой, сказоч­ной, героической форме, много батальных сцен, описано тюркское вооружение, со­циальная и военная жизнь, быт и жизнь батыров, дискуссии батыров при каганских советах, переданы размышления каганов и их окружения. Как предки тюрков воюют с племенами жуань­жуаней, сяньби, табгачи, огузами и т.д. Роль шелкового пути, боль­шое эпическое полотно о древнетюркской жизни до начала тюркской государствен­ности. И, конечно, много место уделено истории формирования государственности кок­тюрков, тюркского этногенеза.

– Почему Волчица – серебристая?– Интересны цветовые предпочтения

тюрков, казахов. Издревле золото ассоци­ировалось с Солнцем, серебро – с Луной. В представлении тюрков природная кра­сота этого металла дополнялась очисти­

тельным, оберегающим качеством. Они рассматривали серебро как частицу ночного светила и наделя­ли его различными магическими свойствами, произнося при купа­

нии детей «Баланың күні күмістей жарық болсын!» («Пусть дни ребенка будут

светлыми, как серебро!»). Так вот, Волчица поет свои

песни при Луне, поэтому она – се­ребристая. Недаром у казахов ковыль – серебристая (ақселеу).

– Кто являются центральными пер­сонажами?

– Акбара и Асянь. Они являются центральными персонажами и составля­

ют то сюжетное ядро, где одновременно присутствуют и зачин, и развитие дей­ствия, и кульминация, и развязка. Принц

Асянь – это, можно сказать, исторический персонаж. Он – внук первопредка тюрков, найденный Волчицей. Акбара – та самая Серебристая Волчица, покровительница и прародительница тюрков, носительница знания. В переводе с тюркского ее имя означает «священная». Основной фон по­вествования – ночь. И это тоже не случайно. Именно ночью видны звезды, о которых рассказывает Акбара.

– Какие источники были использованы при написании поэмы?

– Источники: весь мифологический древнетюркский материал, древнетюрк­ская письменность, начиная с Малой и Большой надписей в честь Куль­тегина и др., и известный исторический материал. Поэтика, стилистика, героический пафос, идеология государственности – от извест­ных памятников древнетюркской пись­менности, древнетюркских поэм. Перед глазами были: тюркский, монгольский эпос, тюркские легенды, «Илиада», «Тихий Дон», «Путь Абая» и др.

Но в первую очередь – древнетюрк­ская литература. Поэтому и присутствуют некоторые древнетюркские легенды, вы­ражения, пословицы, обороты. Например, «Сын отца­героя – огненный след в степи» (древнетюркская пословица), «Если бы я не умел плавать, я утонул бы в народных слезах» (из речи кагана Ичи), «Я был верной бровью над оком моего кагана» (древнее высказывание жырау), «Имевших колени, я заставил преклонить колени, имевших головы, я заставил склонить головы» (древ­нетюркский оборот каганов), «Когда в стаде много пастухов, то стадо умирает от заразы» (казахская поговорка) и др.

– В художественном произведении до­пускается вольное обращение с мифами, ритуалами, историческими фактами. Как это обстоит в «Звездной песни»?

– Да, в поэме есть много шаманских и других ритуалов, мифов, легенд, однако нет никакой вольной трактовки. И здесь боль­шую роль сыграли энциклопедические зна­ния Едыге Даригуловича Турсунова в этой области – у нас художественное обобщение было в рамках известных ритуалов и мифов. Это касается и исторических событий, исто­рических деятелей.

– Можно ли сказать, что это своего рода художественная энциклопедия истории и ми­фологии древних тюрков?

­ По крайней мере, мы к этому стреми­лись, поэтому строго держались в истори­ческих и мифологических рамках. Недаром на обложке книги стоит солярный знак Дингир (Тенгри), который по предложению А.С. Аманжолова был принят в качестве символа тюркской цивилизации.

– И в рамках тенгрианства? – Да, конечно. Как говорится в поэме:

«Справедливо Небо: сыны человеческие смертными рождены», и в их судьбах боль­шую роль играют тюркские боги: Тенгри, Умай, Ыдук Йер­Суб (Жер­Су) и т.д. Хотя сама «Звездная песнь» и написана на рус­ском языке, все же основные элементы передают особенности мировоззрения, художественного мышления, силу и дух тюркской нации, призывают тюрков к объ­единению.

– Большое спасибо за интервью!

Дастан ЕЛДЕС[email protected]

12 www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 2017Бизнестің жол картасы – 2020

Ж и ы н б а р ы с ы н д а с ө з а л ғ а н Ашил Каул мырза өңір басшысына компанияның ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы атқарып отырған жұмыстарын тілге тиек етті.

«Біздің компания алдағы уақытта жеміс­жидек және көкөніс кластерін дамытуға ерекше мән беріп отыр. Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы потенциалы қызықтыруда. Біздің компания 2016 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында елеулі еңбек етіп, өнімді сақтау әрі алғашқы өңдеуден өткізу ісімен айналысып келеді. Қазақстанда 42 мың 204 гектарға жуық жеріміз бар. Онда негізінен би­дай, арпа егіліп, жем­шөп азықтарын дайындау саласына басымдық беріліп о т ы р » , – д е д і « P h o e n i x G l o b a l » компаниясының аумақтық директоры Ашил Каул мырза.

Аталған компанияның әлемдік ауыл

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесу өткізді. Басқосуда тараптар ауыл шаруашалығы саласын дамыту мәселесін талқылады.

ОҚО Сайрам ауда нында жылына 4 мың дана жиһаз шы ғару ға қауқарлы құны 506 млн. теңге тұратын жаңа фабрика іске қо сыл ды. Бұл жоба ның 300 млн. теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қол жеткізген. Қазіргі таңда мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Арыс қаласындағы «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС-нің қызанақ өңдейтін томат зауытында күніне 400-500 тонна қызанақ өңделеді. Сонымен қатар, 70 тон наға жуық томат концентраты әзірленуде. Келешекте өндіріс орны жұмыс көлемін кеңейтіп, томат концентратынан дайын өнім шығаруды қолға алмақ. Жақын күндері кәсіпорын жаңа же ліні іске қосып, томат пастасын жасайды. Ол үшін қажетті арнайы қондырғыларды алып, орнатып қойған.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласындағы 646 отбасы «Өрлеу» жобасының арқасында өз кәсіптерінің нәсібін көріп отыр. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау нәтижесінде шағын кәсіптерін дөңгелетіп отырған отбасы бұл аймақта көптеп табылады.

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ «PHOENIX GLOBAL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

САЙРАМДАЕУРОПАЛЫҚ САПАДАҒЫ

ЖИҺАЗ ШЫҒАДЫ

ҚЫЗАНАҚ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТЫҢ ЖҰМЫСЫ

ҚАРҚЫНДЫ

«ӨРЛЕУ» АРҚЫЛЫ КӘСІПКЕРЛІК

КЕҢ ҚАНАТ ЖАЙДЫ

шаруашылығын дамыту ісіне қосып отырған үлесі зор. Бидай егу ден ба­стап, күріш өсіру, өсімдік майын өндіру ісімен де айналысып келеді. Сонымен қатар, фермерлік шаруашылықты да­мытып, бау­бақша, гүл өсіру ісінде де жеткен жетістіктері жетерлік.Компанияның атқарған ісімен жете танысқан облыс басшысы қонақтарға Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші секторларын атап көрсетті. Сондай­ақ, келешекте ынтымақтастық негізде

бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. «Оңтүстік Қазақстан облысы – аграрлы өңір. Өңірде суармалы егістік көлемі 466 мың гектарға жуықтайды. Осы ретте сіздердің компанияларыңыздың әлеуеті көңіл қуантып отыр. Алдағы уақытта облыс әкімдігі мен компания ынтымақтастықты арттырып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға болатынына сенім мол», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесу соңында тараптар естелікке суретке түсіп, сый­сияпат тапсырды.

Дайындаған: Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Фабриканың тыныс­тіршілігімен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бұл ел экономикасының дамуының кепілі екенін атап көрсетті.

«Жалпы өнеркәсіпті дамыту Елбасымыздың біздің алдымызға қойған міндетінің бірі. Бүгін міне, Сайрам ауданында қаншама тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Сонымен қатар, фабриканың ашылуымен ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі артатын болады. Сіздер өз сөздеріңізде фабриканың өнімі Италия жиһаздарынан кем болмайды дедіңіздер. Бұдан былай жұрт «Сайрам сапасы» деген терминді қолданатындай дәрежеге жетіңіздер», – деген әкім кәсіпорынның алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Мұндағы өнімнің сапасы жоғары. Өйткені м ұ н д а ғ ы ж и һ а з д а р с а п а л ы н е м і с ж ә н е итальяндық жабдықтары мен қазіргі заманғы материалдарды пайдалану арқылы жасалады. Тағы бір айта кетерлігі фабрика өнімдері сапа менеджменті мен экологиялық таза деген сер­тификатпен расталған. Сонымен қатар өндіріс орны итальяндық дизайнерлердің қатысуымен экологиялық таза материалдарды және сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынбақшы.

«Bella Mebel» тауар белгісімен шығатын фабриканың өнімдерін алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарындағы жиһаз дүкендерінен табуға болады.

Аталмыш өнеркәсіп құры лымының 86 пайы­зын өңдеу өнеркәсібі құраса, оның ішінде жиһаз шығару саласындағы үлесі 1 пайызды құрайтын. Алдағы уақытта жиһаз шығаратын фабрика өнім көлемін 600 млн. теңгеге дейін жеткізіп, өң деу өнеркәсібіндегі үлесі 3 пайызға дейін артпақ.

Зауыт директоры Ерлан Ақжібековтың айтуынша, томат пастасын шығаратын желі қарашаның екінші он күндігінде іске қосылады. Өнім «Алтын дән» маркасымен үш түрлі көлемдегі шыны ыдыста шығарылмақ. Табиғи дайын өнім Оңтүстіктен өзге еліміздің жеті об­лысында да саудаланады деп жоспарлануда.

Ақдала ауылдық округіндегі «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС­нің егістік алқабында там­шылатып суару әдісі арқылы 400 гектарға жуық жерге қызанақ егілген. Бүгінде шаруалар төрт комбайнмен алқаптағы 200 гектар қызанақты жинап алыпты. Одан 12 мың тонна өнім алған. Маусым кезінде мұнда үш жүзден астам адам еңбек етсе, тұрақты түрде 229 азамат жұмыс істейді. Үдемелі индустриалды­иннова ция­лық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2008 жылы іске қосылған серіктестік томат өнімдерін өсіру және өңдеу ісімен айналы­сады. Ал өндіретін өнімі томат пастасының концентраты. Кәсіпорындағы томат өндіретін зауыттың өндіріс қуаттылығы тәулігіне 600 тоннаны құрайды.

Арыстық көпбалалы ана – Оразкүл Ақжігітова жолдасымен бірге өткен жылы мемлекеттен 265 332 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек алып, пластиктен есік, терезе жасайтын құрал­жабдық сатып алып, өз кәсіптерін ашты. Аталған қаржыны тиімді жұмсағандықтан оларға ағымдағы жылдың сәуір айында тағы да осы бағдарламамен 265 332 теңге тағайындалды. Қолда бар қаржыны ұқсатып, «Өрлеумен» бірге өркендеп келе жатқан отбасының ісі көпке үлгі.

«Өрлеу» бағдарламасы арқылы 600 мың теңгеден астам көмекке қол жеткізіп, тігін ма­шинасын алып қолөнермен айналысып жүрген арыстық Қашқынбекова Заданың ісі көңіл сүйсінтеді. Оның шағын ғана тігін цехында көрпе, көрпеше, қыз жасауы сынды қолөнер бұйымдары тігіліп, сатылымға шығарылуда.

Арыс қаласында осы жылдың 9 айында аталған жобаға 661 отбасы, яғни 3668 адам қатысыпты. Оларға отбасына шаққандағы та­бысы азық­түлік себетінің құнының айырмасы төленеді. Бүгінде 646 отбасына республикалық бюджеттен 113 млн. 449 мың 700 теңге, ал жергілікті бюджеттен 90 млн. 468 мың 700 теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. «Өрлеу» жобасы бойынша 90 адам әлеуметтік жұмысқа, 20 адам қоғамдық жұмысқа, ал екі адам жастар практикасына, 11 адам қайта даярлау курсына, 563 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

«Өрлеу» арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың бұл ісі «жұмыс жоқ» деген желеумен қол қусырып отыруға болмайтынын көрсетті. Ендігі жерде еңбек қоғамына нақты қадам жасау арқылы әрбіріміз әлеуетімізді арттыра аламыз.

Оңтүстіктегі Арыс ауданында Дермене және Жиделі атты екі ауылдық округ түйе шаруашылығымен айналысуда. Соның бірі – 150 отбасы тұратын Саналы елді мекені. Қымыранның кені аталатын бұл ауыл тұрғындары 2 мыңға жуық үйіргерлік шаруашылықта түйе ұстайды. Бұл ауылдан күніне 1000 тонна шұбат дайындалып, қаладағы мейрамханаларға жеткізіліп отырады.

АРЫСТА КҮНІНЕ 1500 ТОННА ШҰБАТ ӨНДІРІЛЕДІ

Қазіргі таңда шұбат өнімінің көлемін өсіріп, табысын арттыру­ды көздеген шаруалар түйе сүтін өндірумен айналысатын «Жел­мая» атты ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігіп отыр.

Кооператив күніне 1500 тоннаға дейін шұбат өндіреді. Дайын шұбат өнімі бөтелкелерге қ ұ й ы л ы п А с т а н а , А л м а т ы , Ақтөбе қалаларына жіберіледі. Қожалықта бүгінде сауынды сек­сен түйеден, күніне 1000 литрге жуық шұбат алады. Он адамды жұмыспен қамтып отырған ко­оператив алдағы уақытта түйе санын кө бей тіп, өнім көлемін арттыруды да көздеп отыр.

Мұндағы түйелердің дені бір өркешті. Түйенің бұл түрінің

т ұқымы сүтті әрі етті келеді екен.

Арыс қаласы бойынша осы жылы 239 мүшесі бар 16 ауыл ш а р у а ш ы л ы ғ ы ө н д і р і с т і к кооперативі құрылыпты. Бұл тұрғыда әңгіме өрбіткен қала әкімі Мұрат Қадырбек коопера­тивке біріккен шаруаларға бүгінде мемлекеттің қолдауымен субси­дия бөлініп жатқанын жеткізді. Шұбат өндіруде потенциялы жоғары кооперативке алдағы уақытта модульдік сүт қабылдау бекеті кепілсіз және алдын ала төлемсіз несиеге берілмек. Әр бекет құнының 50 пайызын (2,5 млн теңге) субсидия ретінде мем­лекет төлемек. Мұндай қолдау өз кезегінде шаруалардың ісін алға жылжытуға септігін тигізбек.

www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 201713 Аймақ

Қазба жұмыстары Жайық қалашы­ғында қала сәулеті мен мәдениеті жоғары болғанын көрсетті. Қалашықтағы үйлер мен кесенелер күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Кірпіш шығаратын арнайы пеш те болған. Шығыс моншасының өзі ерекше бір дүние. Зерттеулер нәтижесінде металл бұйымдары мен керамика, әшекейленген тақтатас қалдықтары, әйнек моншақ, жануар сүйектері және екі мыс ақша табылды. Ақшаның бірінде «Сарайда соғылған 737» деген жазу іздері сақталған. Демек, 737 хижра жылы

«Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған ауқымды шараға оралдықтар мен қала қонақтары қамтылған. «Дәстүр» шарасы Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясының «Этностар күні» жобасына сәйкес қазақ халқының салт­дәстүрлеріне арналды.

Шараға қызығушылық өте жоғары болып, барлық аудандар, жоғары және арнаулы оқу орындары ұжымдары белсене қатысты. Алаңда көздің жауын алар қазақтың киіз үйлері тігілді. Ұлы даланың ұлттық салт­дәстүрлері – тұсау кесу, бата беру секілді көріністер қойылып, қолөнер көрмесі келушілердің назарына ұсынылды. Сонымен бірге түрлі ұлттық ойындарға да кезек берілді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында халқымыздың сан ғасырлық салт­дәстүрлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды орнықтыру, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында облыста осындай жобалардың қолға алынып жатқандығын жақсы білесіздер. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – деді ай­тулы шараға қатысқан БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов. Ақындар өлең оқып, шараның өн бой­ында өңір өнерпаздары өз шеберліктерін көрсетті.

Біздің елімізде мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасалып, оның бәрі заңмен бекітілген. Арнаулы емханалар, мектептер жұмыс істейді. Жақында Орал қаласынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған педагогикалық­психологиялық түзету орталығы ашылды. Оның ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев, «Samruk­Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас дирек­торы Ерлан Дәрімов және «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаева қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу үшін мұндай орталықтың маңызы зор екендігі түсінікті. Қазақстанда жетінші болып ашылған бұл орталықтың жалпы көлемі 600 шаршы метрден асады. Мұнда дефектолог, психолог, логопед, сур­допедагог, тифлопедагог секілді білікті мамандар көрсетеді. Орталық жыл сайын дамуында түрлі ауытқушылық бар 150­ден астам бала мен олардың отбасына тегін қызмет етеді. Орал қаласында ерек­ше күтімді қажет ететін екі мыңнан астам бала бар екен. Соның 800­ден астамы – мүгедектер. Жаңадан ашылған орталық мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үлкен базарлық болып табылады.

Бетті дайындаған: Зейнолла АБАЖАН

Орал қаласында Облыстық қазақ драма театрында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Халықаралық қарттар күні ая­сында «Ата сөзі – бата сөз» атты облыстық батагөй қариялар байқауы өтті.

Бата – алғыс, ризашылық, ізгі тілекті білдіретіні бағзыдан белгілі. Жұмыр жер бетіндегі халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген заманда қалыптасқан көне дәстүр. Бата­ны кім көрінген емес, елге сыйлы, абыройлы адам, ақсақалды қария беретін болған. Бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық п е н а р а м д ы қ т у р а с ы н д а ғ ы түсініктердің айғағы іспетті. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда –

медет беріп, болашағыңа жол ашып, бәле­жаладан қорғайды деп есеп­телген.

БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қ о л д а у ы м е н о б л ы с т ы қ х а л ы қ шығармашылығы орталығы мен ардагерлер кеңесі ұйымдастырған сайысқа жер­жерден келген 15 батагөй қария қатысты. Ұлттық салт­дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, кейінгі ұрпақты үлкенді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, адалдық пен әділдікке, адамгершілікке үндеу бағытында өткізілген байқау б а р ш а н ы ң к ө ң і л і н е н ш ы қ т ы . Бірінші кезеңде үміткерлер алды­мен өздерін таныстырды. Екінші кезекте «Ел есіндегі баталардан» үзінді айтудан бақ сынасты. Ал «Батамен ел көгерер» атты үшінші

негізгі кезеңде үйге берілген тапсыр­ма ­ бата түрлерін жатқа айтып, түрлі көріністерді көрсетуге тиісті болды. Сайыс қорытындысында тасқалалық ақсақал Жұмагелді Үмбетәлиев бас жүлдені жеңіп алды. Ал, қаратөбелік Ертай Сердалин бірінші, зеленов­тық Сатыбалды Төлегенов пен жаңақалалық Аманжан Салауатов екінші, шыңғырлаулық Темірғали Жантасов, ақжайықтық Сыйлыхан Зейнетов, қазталовтық Исмағұл Мусин үшінші орынға ие болды. Қатысушылардың бірқатары дипло­мант атанса, қалғандарына алғысхат табыс етілді. Байқаудың бас жүлдегері Ж.Үмбетәлиев жұртшылыққа өз батасын берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұндай халықтық сипаттағы шаралар атал­мыш аймақта алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын, Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Есімде, әліппені жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның...

Қазақтың дарынды ақындарының бірі Аманжол Шамкенов сөзін жазған «Ұстазым» әні мектептеріміздің әнұранына айналғалы қай заман. Бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінің беделі мен қоғамдағы орны тым т ө м е н д е п к е т т і д е п а й т ы л ы п жатқанымен, ұстаздың аты – ұстаз! Ол қашан да бәрінен жоғары тұрады, ұстаз шәкірт үшін – асқақ арманның биік тұлғасы, ұлағаттың үлгісі. Ғұламаның өзі ұстазының алдында қарыздар. Қоғам тонын теріс айнал­дырып киіп алса да, бұл ғасырлардан жеткен бұлжымас қағида ешқашан өзгермек емес.

Е л і м і з д е ж ы л ы н а б і р р е т мұғалімдер мерекесі кеңінен ата­лынып өтеді. Осы күн шәкірт атау­

лы ұстаздарына келіп бас иеді. Орал қаласында Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлы есім» атты сал­танатты жиын болып, онда білім саласының үздіктері марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісі Қазталов ауданы Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп­гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Есекеноваға, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы, педагогика ғылымдарының к а н д и д а т ы , п р о ф е с с о р М а р а т Даупаевқа, Жәнібек аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Аққу Нұрғалиеваға, Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №3 орта мектебінің бастауыш сы­нып мұғалімі Гүлнәр Есмағұловаға табыс етілді. Бір топ ұстаз облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

«Ұстазға тағзым» аталымы бойынша да бірқатар мұғалімдердің еңбектері аталып өтті. «Жыл ұстазы», «Замана­уи әдіскер», «Жалынды жас маман» аталымдары және «2017 жылдың үздік педагогі» республикалық байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Ал «Ұстаздар әулеті» аталымы бойынша Бөкей ордасы ауданынан Сабыровтар (жалпы педагогикалық өтілі – 249 жыл), Тасқаладан Тұрғанәлиевтер (196 жыл), Ақжайықтан Құлбарақовтар (190 жыл) отбасылары озып шықты.

Батыс өңірі осылайша ұстаз­дарына үлкен құрмет көрсетті.

Зердемді сен ашпасаң не етер едім, Өмірден сыбағасыз өтер едім. Ғажайып дүниенің сырын жайып, Қияға қызықтырып жетеледің...

– деген ақынның өлең жолдары жүректерді жылы ағын тербеген осы бір жиында ұстаз есімінің өмір­шеңдігін тағы бір еске салғандай еді...

(біздіңше 1336­1337 жылдар ). Мұның Алтын Орданы 1313­1339 жылдары биле­ген Өзбек ханның тұсында шығарылғаны еш дау туғызбайды. Жайық қалашығы бейітіндегі екі кесенеде де мүрденің басы солтүстік­батысқа қаратылып, киімі, жеке заттарымен бірге ағаш табытта жерленген – бұл рәсім мұсылмандықты қабылдаған көшпелілерге тән.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында Жайық қалашығын ашық аспан астындағы мұражайға ай­налдыру көзделуде. Тарихи және мәдени

ЕЖЕЛГІ ЖАЙЫҚ ҚАЛАШЫҒЫ КИЕЛІ ОРНЫН ТАПТЫ

АТАДАН ЖЕТКЕН АҚ БАТА

ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК... ОЗЫҚ ДӘСТҮР ОРТАМЫЗДА

БАЛАЛАРҒА БАҒА ЖЕТПЕС ТАРТУ

Қазақстанның киелі орындарының қатарына енгізілген Жайық қалашығы қазіргі Орал қаласының түп атасы екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр. 2001 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан археологиялық зерттеулер Жайық қалашығы деп аталған ежелгі қаланың ХІІІ-ХІV ғасырларға жататындығын анықтап берді.

Еліміз бойынша өткен ғасырлардан осы күнге дейін көне тарихи ғи ма раттарының қаз қалпында сақталуымен ерекшеленетін Орал қаласында «Дәстүр» атты мәдени-ағарту, көпшілік шаралары болып өтті.

Статистикаға жүгінсек жер бетінде мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан-жылға артып келеді. Біздің еліміздегі көрсеткіштер де көңіл көншітпейді. Туа біткен сырқаттан емделу үшін қомақты қаржы мен білікті мамандардың көмегі аса қажет.

мол мұраны зерттеу, сақтау әрі пайда­лану аса маңызды. Ол өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға жол ашады. Теңдессіз мұраны көпшіліктің игілігіне айналдыруға мүмкіндік бар. Ашық аспан астындағы мұражай ғылыми институт ретінде қызмет атқаратын болады. Қазіргі

заманғы құрылыс технологиясына сәйкес жүргізілетін мұражай үшін 300 гектар көлемінде жер бөлінді. Бұл жобаны Қазақстан Республикасы ҰҒА археоло­гия институты мен Татарстан Ғылым академиясы археология институтымен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр.

14 www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 2017Денсаулық

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Болашақта б і з д е м о г р а ф и я л ы қ ө з г е р і с т е р д і ң болатындығына нық сеніміміз бар. Бізде халық қартайып, балалардың қатары артып келеді. Аурулардың сипаты да өзгеруде. Яғни, бірінші кезекке созылмалы аурулар шығып келеді. Бұл қан тамыры қысымын төмендету үшін жаңа дәрілерді, қандағы қантты бақылаудың жаңа технологияларын, онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа технологияларын қажет етеді. Біз оларды дамыған елдерден көріп отырмыз. Осыған байланысты біз мол қаражатты қайдан алу­ды ойластыруға мүдделіміз. Осы орайда медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі ең бірінші кезекте қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғандығы шындық. Ал оның дамуы үшін бізге мол қаржы жинау керек, денсаулық сақтауға үлкен қаражат қажет», – деген болатын.

Сала басшысының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызы денсаулық сақтау саласына жұмсалады екен. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі бұл көрсеткіш 9 пайызға тең. Еліміздің мемлекеттік бюджетінен жыл сайын дамыған елдердегідей 12­13 пайыз қаржы денсаулық сақтау са­ласына жұмсалып келеді. Егер мұнан да мол қаржыны денсаулық сақтау саласына жұмсар болсақ, онда білім беру, құқық қорғау және қорғаныс салаларының шығыстарын қысқартуға тура келеді. Ал министрдің уәжіне қарсылық танытқан «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев түрлі дәлелдер арқылы міндетті медициналық сақтандырудың салықтың жаңа түрлерінің пайда болуына жол ашатындығын ашық айтқан болатын.

Ал, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов болса, салықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен айырмашылығы бар екендігін тілге тиек етті.

«Сақтандырудың салықтан қандай айырмашылығы бар екендігін Рахым жақсы біледі деп ойлаймын. Біз медициналық сақтан дыру жүйемізді медициналық сақтан­дырудың халықаралық стандарттарына толықтай сәйкестендіріп жасадық. Жетекші сарапшыларды да тарттық. Бұл жұмыстарға жетекші экономистер де тартылды. Мәселе салық немесе сақтандыру жарнамасы төңірегінде емес», – деп түйіндеді сөзін.

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ҚАНДАЙ?

Ел ішінде медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты түрлі пікірлер айтылып жатқандықтан болса керек, сала басшы­сы бұл бағытта түсіндіру жұмыстарының көптеп жүргізілуді қажет деп санайды.

Осыдан біршама уақыт бұрын елор­да әкімдігінде қала басшысы Әсет

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: САЛАНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Қай салада да енгізілген жаңа жүйеге әу баста жұрттың үрке қарайтыны жасырын емес. «Денсаулық – басты байлығымыз» болғандықтан, бұл саладағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Қазіргі таңда жаңа жүйенің тиімділігін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі егжей-тегжелі түсіндіруге тырысып жатыр. Бұл тұрғыда еліміздің Бас дәрігері соңғы уақытта нендей ой түйді? Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің жұртқа берері не? Оқырманның игілігіне жарар деген оймен осы тақырыпты аз-кем қаузап көруді жөн санадық.Қоғамдағы кез-келген қордаланған мәселенің түйінінің тарқатылуы қаржыға тікелей байланысты екені белгілі. Міндетті медициналық сақтандырудың денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғандығы ең бір тиімді тұсы.

Исекешевтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде ақпараттық­т ү с і н д і р м е ж ұ м ы с т а р ы б о й ы н ш а кеңейтілген жиналыс өткізген­ді.

Сонда «Қазақстанда 1­шілдеден ба­стап ресми түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйес і енгізілді. Алғаш болып әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлем жүргізе бастады. Тұрғындар медициналық көмекті 2018 жылдың қаңтарынын бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы ала бастайды. Бұл реформаның маңыздылығы ­ әр Қазақстан азаматының қызығушылығы қамтылады», – деп Әсет Исекешев жаңа жүйенің маңыздылығына тоқталған­ды.

«Егер бүгін қазақстандықтардың денсаулығын зерттейтін болсақ, біз жақсы динамиканы байқаймыз. Мы­

ЖҮЙЕ ЕНГІЗУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағытында тын­дырымды тірліктер атқарылғаны белгілі. Бұл тұрғыда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандырудың заңнамалық ба­засын жетілдіру аясында міндетті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңнамаға бірқатар өзгерісті енгізуді көздейтін заң қабылданды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеке кәсіпкерлерден жарналар мен жұмыс берушілерден аударым­дар түсе бастады. Қазақстанның 16 өңірінде қордың филиалдары құрылып, олардың басшылары тағайындалды», – деп тиісті мәліметтерді атап өтті.

Еліміздің бас дәрігерінің айтуын­ша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі комиссия

қаулылары», – деген­ді. Сонымен қатар министр тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемінің топтамасы сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық адамдарға ұсынылатындығын атап өтті. «Оған медициналық көмектің мынадай негізгі түрлері кіреді. Олар: жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық және стационарды алмасты­ратын көмек, әлеуметтік мәні бар емдеу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек (туберкулез, онколо­гия, психатрия сынды әлеуметтік аурулар), профилактикалық егулер. Бұған қоса, 2020 жылға дейін барлық сақтандырылмағандар үшін дәрі­дәрмекпен қамтамасыз ететін а м б у л а т о р и я л ы қ ­ е м х а н а л ы қ к ө м е к ұсынылмақ. Бұл халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобының толық медициналық көмекпен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді», – деді Елжан Амантайұлы.

Ал, сақтандырылған азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен бөлек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру топтамасы аясын­да қосымша қызметтер ұсынылады.

ӘРБІР АДАМ ӨЗ ДӘРІГЕРІН ӨЗІ ТАҢДАЙДЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында әрбір адам дәрігерді өзі таңдай алады. Дегенмен, бір кәсіби дәрігердің қабылдауына жазылатын­дар көп болса, кезектер мәселесі туындай­ды. Осыған байланысты кезекке тұратын адамдардың шекті санын белгіленіп отыр.

«Қазіргі кезде дәрігердің қабылдауына тіркелу бойынша арнайы стандарт бар. Оған сәйкес, бір дәрігерге 2000 пациенттен келеді. Алдағы уақытта біз аталған көрсеткішті 1500­ге дейін түсіреміз. Демек, барлығы толығымен медициналық сақтандыру жүйесіне көшкенде адамдар нақты бәр дәрігерге жазылады да, ли­миттен асып кеткенде басқа дәрігерді таңдау қажет болады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

БӘСЕКЕЛЕСТІК САПАНЫ АРТТЫРА ТҮСПЕК

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан дыру жүйесі аясында белгілі бір емxа­нада қызмет көрсету сапасы жоғары болса, пациент тердің саны да көбейеді. Ал паци­енттер көп жерге қордың ақшасы көптеп бөлінеді. Осының арқасында қарапайым м е д б и к е л е р д і ң ж а л а қ ы с ы н к ө т е р у г е мүмкіндік бар.

«Негізі біз міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру жүйесі толығымен енгізіл­ген нен кейін дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы өседі деп сенеміз. Халық медици­налық қызметтерді өз еркімен таңда ғанда ме­дицина саласындағы ұйымдардың арасында бәсекелестік қыза түседі. Ал медициналық қызметтің сапасы жоғары жерде пациенттер көп болады. Ондай мекемелер сақтандыру қорынан ақшаны да көптеп алады. Сонда жалақыны көтеруге мүмкіндік болады», – деді Біртанов.

Қазіргі кезде министрлік медицина қызметкерлерінің жалақысын бекітпейтіні белгілі.Оны емxана мен ауруxаналардың бас дәрігерлері шешеді. Олар жалақыны мекеменің кірістеріне қарай тағайындайды. Алдағы уақытта әкімшілік шығындарды қысқартудың арқасында жалақыны көтеруге қосымша мүмкіндіктер ашылмақ.

P.S: Билік басындағылар денсаулық сақтау министріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін әлі де болса жандандыра түсуді тапсыруда. Жаңа жүйені енгізуде бұған дейін де біраз іс атқарылған болса, атқарылуға тиістісі бұдан да ауқымды. Біздің халық денсаулығың болмаса, дүние байлықтың көк тиындық құны жоқ екенін жақсы түйсінеді. Сондықтан да сақтандырылу шараларына атүсті қарамайтыны анық. Бәрін айт та бірін айт, жаңа жүйе ендігі жерде халықты емханалардағы қаптаған кезек пен тегін дәрі­дәрмекке қол жеткізу үшін есік тоздырудан құтқарса жөн еді.

qazaquni.kz

салы, ұзақ өмір сүру ұлғайған, ана мен бала өлімі азайған деген секілді негізгі көрсеткіштер қуантарлық. Бұған қоса, тұрғындардың қартаюына байланысты аурулар құрылымы өзгеруде. Бүгінде ақша эквивалентінде медициналық қызметті тұтыну артуда», ­ деп денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын елдегі жүргізіліп жатқан бұл реформаның тиімділігі туралы айтты.

Қазіргі қолданыстағы бюджеттік модельмен салыстырғанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ж ү й е с і н і ң т і м д і т ұ с т а р ы к ө п : тұрғындардың денсаулығын қадағалау саласында тең жауапкершілік сақталады – мемлекет – жұмыс беруші – аза­мат, қолжетімділік теңдігі, әлеуметтік бағыттаушылық және МӘМС сипаты. Жүйені кезеңімен енгізу тұрғындарға жаңа реформаға көшуге мүмкіндік береді. Нақтырақ айтар болсақ, 2017 жылдың шілдесінен бастап жұмыс берушілер 1 % бөліп отырады, 2018 жылдан әр қызметкердің еңбекақысынан 1,5%, 2020 жылдан – 2%, 2022 жылдан – 3% бөлінеді. Жұмыскерлердің бөлуі 2019 жылдан – 1%, 2020 жылдан – 2% құрайды. Өзін жұмыспен қамтығандар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер, мамандандырылған медиаторлар, азаматтық­құқықтық келісімшарты негізінде қаржы ала­тын жеке тұлға 1­шілдеден 2 төменгі еңбекақыдан 5% бөледі (1% е.а.­ 1414 теңге).

«Егер адам жеңілдік санатын ­да болса, онда оған төлем жасаудың қажеті жоқ, жеке кәсіпкер де АҚК бой­ынша да төлем жүргізбейді. Мемле­кет бұл міндетті өзіне алады», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрайымы Елена Бахмутова.

Қор жетекшісі айтқан мәліметке сүйенсек, жаңа жүйе «мүмкіндігінше төлеу ­ қажеттілік бойынша алу» принципі бойынша жұмыс істейді екен.

Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде қ ұ р ы л ғ а н . К о м и с с и я қ ұ р а м ы н а 1 4 мемлекеттік орган мен мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді. Облыстардың, Алматы, Астана қалалары әкімдіктерінің қатысуымен комиссияның төрт отырысы өткізілді. МӘМС аясында мемлекеттік органдардың өзара іс­қимыл мәселелері ақпараттық түсіндіру жұмысының барысында қаралды.

«МӘМС енгізу тәуекелдері мен басқару мәселелері жөніндегі кешенді ведомство­аралық іс­шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспар 14 тәуекелді қамтиды және мынадай 4 бөлімнен тұрады. Бірінші – мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган­дар жүргізетін ақпараттық түсіндіру жұмысы. Екіншісі ­ міндетті әлеуметтік медициналық с а қ т а н д ы р у ж ү й е с і н і ң қ а р ж ы л ы қ тұрақтылығын қамтамыз ету. Үшіншісі – ақпараттық жүйелермен оларды интеграци­ялау. Ал төртіншісі – нормативтік­құқықтық актілерді дайындау. Әрбір тәуекел бойынша нысаналы топтар мен тәуекелдерді жою бой­ынша қажетті іс­шаралар белгіленді. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішінен жауапты орындаушылар бекітілген», – деп атқарылған жұмыстардың бір парасын атап өткен­ді Елжан Біртанов.

ЕЛ ҚАНДАЙ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚОЛДАНА АЛАДЫ?

Міндетті әлеуметтік медициналық с а қ т а н д ы р у ж ү й е с і н і ң н о р м а т и в т і к ­құқықтық базасын қалыптастыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар нормативтік­құқықтық актілер әзірлеу және оны қабылдау бой­ынша жұмыстар жүргізуде. «Бүгінгі таңда 6 нормативтік­құқықтық акті қабылданды. Жылдың соңына 81 нормативтік­құқықтық акті қабылданады. Қазіргі уақытта МӘМС­тің ең маңызды нормативтік­құқықтық актілері мемлекеттік органдарымен келісуімен өтуде. Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік беретін көлемінің тізбесін бекіту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтердің тізбесін бекіту туралы Үкімет

www.qazaquni.kz№41 (758), 13 қазан, 201715 Спорт

– Мақсат Сәкенұлы, әңгіме мізді «Алатау» Қазақ күрес федера ция сы­ның тыныс­тіршілігінен бастасақ...

– «Алатау» Қазақ күрес федера­циясы құрылғанына көп уақыт бола қоймаса да, қазақ күресінің даму­ына шама шарқынша үлес қосып, бұл тұрғыда ауқымды істердің атқарылуына мұрындық болды. Ұлттық спортымыздың көсегесін көгерту жолында жүргізілген жүйелі жұмыстардың басы­қасында Ал­маты қаласының әкімі, «Алатау» Қазақ күрес федерациясының президенті Бауыржан Байбек жүргендігін айтуға тиіспіз.

Дегенмен, Алматыдай алып шаһарда қазақ күресінің жұмысын бірден дөңгелетіп әкету біз үшін де оңайға соққан жоқ. Қазақ күресі барша қазақтың рухын көтеретін спорт түрі болғандықтан оны ел ішінде кеңінен насихаттау біздің азаматтық борышымыз. Сондықтан да бұл бастамаға жауапкершілікпен қарадық.

Жүйелі жүргізілген жұмы сы­мыздың бір парасы ретінде ҚР Прези дентінің жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» респуб ли­калық турниріне іріктеу жарысы – «Алматы Барысы – 2017» қазақ кү ресінің турнирін өте жоғары деңгейде өткізгенімізд і атап көрсетуге болады.

Өте тартысты өткен белде­

сулерде балуандар жеребе бой­ынша кілемге шығып, үш айна­лымнан соң жартылай финалға төрт балуан шықты. Олар – Руслан Әбдіразақов, Әлімжан Жұмахметов, Виктор Демьяненко, Дәурен Нұралинев. Жартылай финал белдесулерінің нәтижесі бойынша ақтық белдесуге Руслан Әбдіразақов (119 келі) мен Дәурен Нұралинев (130 келі) шықты. Балуандар алғашқы минуттар­дан ұпай бөліскен белдесудің ортасында қарсыласына «таза жеңіс» әдісін жасаған Руслан Әбдіразақов жеңіске жетті. 2017 жылғы «Алматы Барысы» атанған Р.Әбдіразақовқа бас жүлде – «Ал­тын белбеу» мен «Лада Гранта» автокөлігі берілді. Екінші орын алған Дәурен Нұралинев «Күміс белбеу» және 200 мың теңге ақшалай жүлдемен марапатталды.

– Қазақ күресі Азия ойын­дарының бағдарламасына енге нін білеміз. Өз кезегінде бұл айтулы жаңалық сіздердің жұмыс тарыңызға жаңа леп әкелген болар...

– Күні кеше Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында жабық кешенде өткен 5­жазғы Азия ойындарына әлемнің ал­пыстан астам елінің спортшыла­ры қатысқаны белгілі. Он күнге созылған осынау додаға Азия құрлығының ғана емес, мұхит аймағындағы елдер де спортшы­ларын қатыстырды. Түркімен жеріндегі айтулы дода кезінде ұ л т т ы қ с п о р т ы м ы з – қ а з а қ күресінен бірнеше елдің балуан­дары бақ сынады. Бұл біздің еліміз үшін үлкен мәртебе, үлкен қуаныш.

Сонымен қатар, Азия ойындары – олимпиадаға басар баспалдақтың бірі. Әлем көз тіккен Ашхабадтағы дүбірлі дода барысында еліміздің

намысын қорғаған балуандары­мыз бізді жерге қаратпады. 70 келіде Қасымхан Төленбай, 90 келіден ауыр салмақ дәрежесінде Айбек Нұғымаровтар алтыннан алқа тағынып, абыройымызды асқақтатса, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев қоланы місе тұтты. Бұл жеңіс біздің еліміз үшін үлкен мәртебе.

Қазақ күресі Азия ойындарына енді, келесі мақсат – Олимпиада ойындарына шығу. Бұл биік межеге қол жеткізу үшін де тындырымды тірліктер атқарылуда. Мәселен, Д ү н и е ж ү з і л і к қ а з а қ к ү р е с і қауымдастығы 2004 жылдан бері қарай әлемнің 50­ге жуық елінде

жүлдесінің» иегері атанып, бір миллион теңге қанжығасына байлаған Виктор Демьяненко, қола және күміс жүлдегері атанған Рус­лан Әбдіразақов, Әлем чемпионы атанған ағайынды Қырғызбаевтар, Әлем кубогының және Ашхабадта өткен жабық Азия ойындарының жеңімпазы Түленбай Касым­хан және т.б. балуандарымыз қазақ күресінің беделін көтеруге үлестерін қосуда.

Атап айтсақ, бұл жетістіктер командамыздың Келдіқұлов Ғани және Талип Бауыржан сынды бапкерлеріміздің арқасында. Бұл кісілердің жеңімпаз спортшыларды дайындауда сіңірген еңбектері зор.

арландар сайысына 18 бен 29 жас аралығындағы ЖОО студенттері және спорт клубтарының жас спортшыларының қатысуына рұқсат етілген.

С п о р т ш ы л а р о л и м п и а ­да жүйесі бойынша үш салмақ категориясында (­60 кг. , ­74 кг., +90 кг.) күреседі. Әр салмақ категориясының жеңімпаздары м е н ж ү л д е г е р л е р і а қ ш а л а й сыйлықтар, медальдар және гра­моталармен марапатталады. Со­нымен қатар, ­ 60 кг салмағындағы спортшыларды көтеру және қолдау мақсатында жеңімпазға жеңіл автокөлік сыйға тартылмақ. Ел­басы Н.Назарбаевтың тапсырма­

Минск төрінде қазақ күресі­нен 7­ші әлем чемпионатынан бірінші орынды еншілеген Талғат Әміренов Өскемен қаласына келді.

Спортшыны жаттық тырушы­сымен қатар, өскемендік жан­күйер лері құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі.

Спортшы +90 келі салмақта

ел намысын қорғады. Алдына келгеннің бәрінен айласын асы­рып, әлем чемпионы атанған Талғат Әміреновті өскемендіктер үлкен қошеметпен қарсы алды.

Талғат Әміренов барлығы 4 бел­десу өткізді. Жартылай финалдық бәсекеде нидерландиялық па­луаннан айласын асырса, ақтық сында кілем қожайынын, яғни беларусь палуанын ұтты. Одан бөлек, Қазақстан құрамасы 60 кг

салмақта және әйелдер арасында алтын медальға ие болды. Сондай­ақ, осыған дейін хабарланғандай, 90 келі салмақта қостанайлық балуан Ерлан Омаров та топ жа­рып, алтын медаль иегері атанған болатын.

Айта кетейік, Ислам Әбішев басқаратын Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жетінші рет өткізіп жатқан әлем чемпиона­тына 45 елден балуандар қатысты.

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДА ЕКІ АЛТЫН

ҚАЗАҚ КҮРЕСІН ДАМЫТУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Мақсат ҚИҚЫМОВ, «Алатау» Қазақ күрес федерациясының вице-президенті:Әлемдік жарыстарға жолдама алып, қазақтың атын әлемге танытып жүрген ұлттық спортымыз - қазақ күресі күн санап қанатын кеңге жайып келеді. Оған Алматы қалалық «Алатау» Қазақ күрес федерациясының да қосқан өзіндік үлесі бар екені белгілі. Күні бүгінге дейін қарқынды істер атқарып келе жатқан федерацияның жұмыс барысымен жете танысу үшін Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, «Алатау» Қазақ күрес федерациясының вице-президенті Мақсат Қиқымовпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынғанды жөн санадық.

қазақ күресінің федерацияларын ашып, сол елдерде насихатталуына күш салып келеді. Жұмыс үдерісі осы қарқынынан таймаса, алдағы уақытта қазақ күресі де Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілуі әбден мүмкін.

– «Қазақ күресі» деген атау әлемдік жарыстарда біршама кедергі келтіретіндіктен, Дүние жүзілік қазақ күресі Федера ция сының президенті Ислам Әбішев мырза ұлттық спорт түрінің бұл атауын ау­ыстыру қажеттігін айтқан болатын. Сіздің бұған деген көзқарасыңыз қандай?

– Бұл тұрғыда түрлі пікірлер айтылып жүр ғой. Бірі қазақ күресі деген өзінің дәстүрлі атауын құптаса, енді бірі жаңа атаумен алмастыру қажеттігін алға тартады. Ал мен көптен бері «Номад» деп атауды жөн көріп жүрмін. Бұл сөз көшпенділер деген мағына береді.

– «Алатау» Қазақ күресі федера­циясының атынан ел намысын қорғап келе жатқан балуандарды тілге тиек етсеңіз екен...

– Біздің балуандар аз уақыттың ішінде көптеген турнир мен ж а р ы с т а р д ы ң ж е ң і м п а з д а р ы атанған болатын. Әрқайсысының жетістіктері – Алматы қаласының жетістігі деуге толық негіз бар.

Атап өтсек, өткен жылы ба­луандарымыз Тараз қаласында «Қазақ күресі федерациясының кубогы» турнирінде, 8 салмақ дәрежесінде бетпе­бет ережелеріне сәйкес тұңғыш рет түбегейлі жеңіске жетіп, 10 миллион теңгені қанжығасына байлады.

Сондай­ақ, командамызда Қазақстан барысы сынды таны­мал турнирде Алматының намы­сын қорғаған Бауыржан Қабай және «Көрермендер көзайымы

Қазақ күресін жапонның дзюдо­сы секілді олимпиада ойындарының б а ғ д а р л а м а с ы н а е н г і з у ү ш і н атқарар шаруа қыруар, арқалар жүк өте ауыр. Дүниежүзілік қазақ күресі қауымдастығы атқарылып жатқан жұмыстарын дәл осындай қарқынды түрде жалғастыра беретін болса, қазақ күресі де Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілуі әбден мүмкін.

– «Алатау» қазақ күресі федера­циясының алдағы жоспарымен бөліссеңіз...

– Жақында «Алматы арена» стадионында қазақ күресі бой­ынша студент­жастар арасын­да алғаш рет «Арландар сайысы» Республикалық ашық турнирі өтпек.

Т у р н и р г е А с т а н а , А л м а ­ты қала лары мен 14 облыстан 96 күрес кер қатысады деп күтілуде. Ашық турнир ережесіне сәйкес

сымен 2017 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. «Ар­ландар сайысы» ұлттық спорт­ты жастар арасында насихаттау арқылы патриоттық сезімді да­мыту, халықаралық аренада қазақ күресінің беделін жоғарылату, орта және жеңіл салмақты күресшілердің шеберліктерін шыңдау мақсатында жүзеге асырылмақ.

Республикалық турнирдің ашылу салтанатында көрермен дер назарына қазақ күресінің пайда болу және даму жолын сипаттай­тын театрландырылған қойылым ұсынылады.

Алдағы уақытта әлемдік аренаға шығып, қазақ күресінің беделін шет елдерде көтерсек деген ойымыз бар.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Ақтолқын ТӘЖІКОВА

№41 (758), 13 қазан, 201716 www.qazaquni.kzӨнер

Президент –Редакторлар кеңесiнің төрағасы –

Қазыбек ИСА

Меншiк иесi: «Қазақ үні» ЖШС

Бас редактор – Құлтөлеу МҰҚАШБас редактордың бірінші орынбасары –

Зейнолла АБАЖАНБас редактордың орынбасары –

Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ Жауапты хатшы - Гүлмира САДЫҚБөлім редакторлары:Дастан ЕЛДЕС (орыс редакциясы)Нұрлан ӘБДІБЕК (қоғам)Айнұр АХМЕТ (мәдениет)Нұржан АСАН (көркемдеушi)АЙМАҚТАҒЫ ТIЛШIЛЕР:Астана тілшілер қосыны:Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ(8-702-931-89-86)Ақмола облысы:Бақыт СМАҒҰЛ (8-701-626-77-66)Арқалық қаласы:Нұрсұлтан НҰРМАН (8-702-688-84-87)Алматы облысы:Айтақын БҰЛҒАҚ (8-702-239-62-99)Мәди ИСЛАМ (8-775-119-12-13)Мырзағали НҰРСЕЙІТ (8-701-771-6496)Қанат БІРЖАНСАЛ (8-775-323-0850)Батыс Қазақстан облысы:Қажымұқан ҒАБДОЛЛА (8-701-111-61-05)Жезқазған қаласы:Жанат АСАНҚАЛИ(8-702-384-12-00, 8-707-261-20-98)Сәтбаев қаласы:Абдолла ДАСТАН (8-(71063) 7-20-97, 8-777-302-46-79)Қарағанды облысы:Ахметқали ХАЛЕНОВ (8-701-450-30-18)Қостанай облысы:Төлен РАМАЗАНҰЛЫ (8-701-174-06-70)Семей қаласы:Рахат АЛТАЙ (8-775-998-15-39)Маңғыстау облысы:Сағындық РЗАХМЕТ (8-775-379-84-88)Оңтүстік Қазақстан облысы:Әбдіғаппар АЙДАР (8-702-475-75-66, 8-771-390-73-75)Асылхан ӘЛІ (8-701-626-88-32) Түркістан қаласы:Әтіргүл ТӘШІМ (8-702-489-47-23)

Тарату бөлімі: Алматыда:Асхат ТЕЗЕКБАЕВ (8-701-499-27-80); (8-777-115-13-49) Астанада:Көбей ЖЕТІБАЙ (8-775-665-74-10) Шымкентте: Мүтән ИСМАЙЫЛ (8-701-692-1340),

Астанада «Алты Алаш» (87015728847) дүңгіршіктерiнде сатылады

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде 19.12.2012 жылы тiркелген.Куәлiк №13976-Г (Алғашқы куәлік №1270-Г, 01.08.2000 жыл).

Автордың пiкiрi мен редакция көзқа-расы сәйкес келе бермей тiнiн ескер темiз. Қолжаз балар өң деледi және қайта-рылмайды. Жар нама мәтiнiне жарнама берушi жауап бередi. Газет тен көшiрiлiп басылса, сiлтеме жа-салуы шарт. Газетте «Қазақпараттың» материалдары пайдаланылды.

Газет «Қазақ үнi» компьютер орта лы ғында беттелдi

АЙЛЫҚ ТАРАЛЫМЫ – 60 000ЖАЗЫЛУ ИНДЕКСI – 65380Редакцияның мекен-жайы:050006, Алматы қаласы, Қалқаман-3 ықшамауданы, К.Сейітов көшесі, 11 үй

Байланыс телефоны: 8 (727) 398-57-31

E-mail: [email protected] www.qazaquni.kzКезекші редактор – Дастан Елдес

ТОО «Қазақ үні» БИН 000540006784ИИК KZ508560000000385541 АГФ АО «БанкЦентрКредит» г. Алматы, БИК KCJBKZKX, Кбе 17

Газет «Алматы-Бо ла шақ» баспа ха насында басылды. Алматы қ., С.Мұқа нов к., 223 б. Көлемi: 6 баспа табақ

Атқарушы директор – Әзірет ЖАРЫЛҚАСЫН

ЖҰЛДЫЗДАР БАР СЫРЫН АШАТЫН «ЖҰЛДЫЗДАР ҚҰПИЯСЫ» ЖУРНАЛЫНА ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!

ЖАЗЫЛУ ИНДЕКСІ – 74296«Қазпошта» арқылы Жазылу бағасы:

1 айға – Алматы – 266,51, қала – 273,56, аудан/ауыл – 277,183 айға – Алматы – 799,53, қала – 820,68, аудан/ауыл – 831,54

6 айға – Алматы ­ 1599,06 қала – 1641,36, аудан/ауыл – 1663,0812 айға – Алматы – 3198,12, қала ­ 3282,72 аудан/ауыл – 3326,16

ҚАЗАҚТЫҢ МҰҢЫ МЕН ШЫНДЫҚТЫҢ ЖЫРЫ – «ҚАЗАҚ ҮНІ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!

ЖАЗЫЛУ ИНДЕКСІ – 65380«Қазпошта» арқылы Жазылу бағасы:

1 айға – қала – 299,29, аудан/ауыл – 317,933 айға – қала – 897,87, аудан/ауыл – 953,79

6 айға – қала –1 795,74, аудан/ауыл ­ 1 907,5812 айға – қала –3 591,48 , аудан/ауыл ­ 3 815,16

92-ші театр маусымының ашылуына орай М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өтті.Жиынға театр директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық артисі Асанәлі Әшімов, театр директорының кеңесшісі Есмұхан Обаев, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаев, театрдың «Әдебиет бөлімінің» меңгерушісі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әлия Бөпежанова және «Музей» бөлімінің жетекшісі Наргиз Тамабекқызы қатысты. Жиынның модераторы театрдың «Баспасөз қызметі» бөлімінің жетекшісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделхан болды.

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНДА 92-ші МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ

Бұл басқосуда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елба­сы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және ұлы жазушы М.Әуезовтің 120 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылған Алматы қаласындағы 8 театрдың басын қосқан «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты көрме туралы әңгіме өзегіне айналды. Сондай­ақ, театрдың алдағы шығармашылық жоспарлары мен алдағы күндері өткізілетін іс­шаралары жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар, те­атр қызметкерлері Лондон сапарындағы әсерлерімен бөлісті.

92­ші маусымашараға арналған пресс­конференцияның қорытындысында театр ұжымы шығарған театр альбомы мен 8 театрдың тарихы қамтылған буклет­кітапша БАҚ өкілдеріне таныстырылды.

Осыдан кейін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және ұлы жазушы М.Әуезовтің 120 жылдығы ая­сында «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты Алматы қаласындағы 8 театр қатысқан көрме салтанатты түрде ашылды.

К ө р м е н і ң а ш ы л у с а л т а н а т ы н д а Әуезов театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов құттықтау лебізін жеткізді. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов, Абай атындағы Қазақ

Мемлекеттік академиялық опера және балет театры директорының орынбасары Қанат Қаражанов ұжымдарының атынан ақ пейіл, ақжарма тілектерін жеткізді.

Құттықтау сөздерінен соң көрменің лента­сы қиылып, Әуезов театры «Музей» бөлімінің жетекшісі Наргиз Тамабекқызы көрмеге қойылған құнды жәдігерлермен таныстырды.

Бұл көрменің мақсаты – өскелең ұрпаққа, театр өнеріне қызығатын ізденушілерге, жалпы өнерсүйер қауымға қазақ өнерінің қарашаңырағы, 92 жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі өнер шежіресінен сыр шертіп және Алматы қаласында орналасқан мәдени ордалардың басын қосу арқылы олардың тарихын бір арнада тоғыстырып, театр музейінің тыныс­тіршілігінен хабар бере отырып, мол мұра, құнды жәдігерлері туралы мағлұмат беру.

Көрмеге қазақ өнерінің қарашаңырағы – М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Республикалық неміс драма театры, Мемлекеттік Республикалық корей музыкалық комедия театры, Н.Сац атындағы Мемлекеттік орыс балалар мен жасөспірімдер театры, Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры

және М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекет­тік академиялық орыс драма театрының құнды жәдігерлері қойылды.

8 т е а т р м у з е й і н і ң б а с ы н қ о с ы п көрме ұйымдастырудың мақсаты – ұлт руханиятының тұтастығын ту қылып, еліміздегі барлық театрлардың музейіндегі құндылықтар мен жәдігер­мұралардың басын біріктіретін республикалық деңгейде көрме ұйымдастыру. Бұл қазақ театр өнеріндегі ұлттық қазынамыздың қайнар бұлағы, жанған шырағы болмақ. Театр ұжымы 92­ші маусым шымылдығын М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашты.

Ұлы Абай… Шығармашылық тұлғасы өз алдына, ел ортасындағы, өз шәкірттері ортасындағы жақсыны көре­тани білген, ғашықтықты бағалай, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген адами тыныс­тіршілігі, сонымен қатар зұлымдықпен алысқан соқтықпалы, соқпақсыз өмірі . Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет ет­кен Абай болмысы. Қойылымда ұлы ақын шығармашылығының композиторлық қыры да ашыла түседі.

Театрды сағынған жұртшылық өнер орда­сынан рухани азық алып тарасты.

auezov-theatre.kz